Қызылқоға ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қызылқоғаауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Кіріспе бөлімі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Қызылқоғаауылдық округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округ әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіүлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2023 жылғы №91өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
  • Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы- округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
  • Шаткарина Айнұр Нұрланқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Әнетова Дина Аманкелдіқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Кайруллин Канат-округ әкімі аппаратының бас маманы;
  • Қойшыбаев Сарсенбай –Ардагерлер кеңесінің төрағасы;
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2023 жылдың 9 айы қамтылды.
  2. Округ әкімі аппаратының басшысы З.Шаликов топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру жәнежауапкершілік жүктелді.

Сипаттама бөлімі

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
  • Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы:Қызылқоға ауданы,Қарабау ауылы.Ә.Игілікұлы 7.

ІІ. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;
  4. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
  7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
  8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  13. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  14. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  15. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;
  16. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;
  17. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;
  18. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;
  19. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;
  20. ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.

2.1. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
  4. Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  5. Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  6. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  7. Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  8. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  9. ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
  10. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  11. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
  12. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
  13. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  14. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  15. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  16. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
  17. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
  18. Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  20. Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  21. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
  22. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
  23. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
  24. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  25. Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  26. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
  27. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
  28. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
  29. Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
  30. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  31. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  32. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  33. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  34. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
  35. Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
  36. Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
  37. Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
  38. Шарттар, келісімдер жасасуға;
  39. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
  40. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
  41. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  42. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
  43. Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  44. «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  45. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  46. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бөлімге арналған қажетті құралдарды сатып алу бойынша ақпарат:

Алдағы уақытта су тасқынының алдын алу бағытында қажетті құрал

саймандар:5 дана күрек, 1 дана бензиновая мотопомпа, 80дік шлангі 100м, 100дік шлангі 100м сатып алынды.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:

2023 жылдың 9 айында 522 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның267 электрондық цифрлық қолтаңба және 255электрондық

түрде көрсетілетін қызмет.

         2023 жылдың 2 тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетінің №26 нөмеріне, 2023 жылғы 22 маусымда «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы»мақала жарияланды.

Округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары Атырау облысы әкімдігінің сайтына (atyrau.qov.kz) 2023 жылдың 27 наурызда күні орналастырылды.

Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

     Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:

Округ әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-4. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 3 бас маман) мен  келісім шарт негізінде қызметкер (хатшы, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, газ операторлар, күзетшілер) барлығы 15 қызметкер жұмыс істейді.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жылдың ақпан айында 2 күзетші аудандық мансап орталығының жолдамасы арқылы қабылданды.

  1. IV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Қызылқоға ауылдық округі әкім аппаратының 3 бас маманынан жылдық жұмыс жоспары алынды.

2023 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

  1. Бюджет және қаражат игеру және бөлу.

2023 жылдың жылдық жоспары 117.688 теңге жоспарланып сәйкесінше 9 айдың қорытындысы бойынша 96.130 теңге қаржыландыру жоспары артығымен 100% орындалды. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.

2023 жылғы 1 маусымдағы №3-1 мәслихат сесссиясының шешімімен бір рет бюджет қаражаты нақтыланды. Нақтыланған бюджет уақытылы «Ашық бюджет» порталына жарияланды.

2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы да «Ашық бюджет» порталына жарияланды.

2023 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша42 баға ұсынысы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  1. Қызметтік тұрғын үйге жылу жүйесі жүргізілді – ЖК «Жалғас» 9440000 теңге.
  2. Ойын алаңына жеңіл жөндеу жасау жаңадан ойын кешенін қондырылды - ТОО «Нурсат Курылыс Групп» 3920000 теңге.
  3. Округ әкімі аппаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді – ЖК «Bala Time» 6998478 теңге.
  4. Жаяу жүргінші жолына өрнектас төселді – ТОО «SS M NURGroup» 11447330 теңге.

VII. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.

Округ әкімінің жалпы 9 айға құжат айналымы 694 кіріс және 365 шығыс хаттары жолданып қабылданды.

 

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Қызылқоға ауылдық округі әкімі, жұмыс тобының жетекшісі:

 

З.Шаликов

Қызылқоға ауылдық округі әкім аппаратының бас маман есепшісі

А.Шаткарина

Қызылқоға ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы

Д.Әнетова

Қызылқоға ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы

К.Кайруллин

Қызылқоғаауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

С.Қойшыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
01 декабря 2023