Жұмыс жалғасын табады
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Жалпы, бұл әрекеттер бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы, өтініштері.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жеке парақшаларында «Кәсіпкерлік бөлімі» атты facebook және «kyzylkoga_kasipkerlik» инстаграм парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары т.б. хабарландырулар жарияланып отырады. Бекітілген кестеге сәйкес, 2021-2025 жылдарға арналғанкәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде несие беру, жаңа бизнес идеяларға гранттар беру бойынша барлық округ тұрғындарына түсінік жұмыстары тоқсан сайын,заңдылық шеңберінде кеңестер беріліп отыр. Алға қарай да еліміздің заңдылықтарын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жалғасын таппақ.
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік О.Отарбай бөлімінің бас маманы