Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Кіріспе бөлімі:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жамбыл ауылдық округі әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округ әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіүлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2023 жылғы №173 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
- Аронов Оспан Гумарович - округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
- Бисембайұлы Тоқтар -округ әкімі аппаратының бас маманы;
- Наушабаева Ардак Бигалиевна -округ әкімі аппаратының бас маманы;
- Суатова Зайда Болатовна -округ әкімі аппаратының бас маманы;
- Калиева Расима Жумабаевна -округ әкімі аппаратының бас маманы;
- Аяшова Назигул Аяшовна –Аналар кеңесінің төрайымы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2023 жылдың 9 айы қамтылды.
- Округ әкімі аппаратының басшысы О.Аронов топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру жәнежауапкершілік жүктелді.
Сипаттама бөлімі
- Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы:Қызылқоға ауданы,Қаракөл ауылы.М.Айшуақов41.
ІІ. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;
- «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;
- «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;
- ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.
2.1. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
- Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
- Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
- Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
- Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
- Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
- ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
- Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
- Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
- Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
- Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
- Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
- Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
- Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
- Шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
- Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бөлімге арналған қажетті құралдарды сатып алу бойынша ақпарат:
Алдағы уақытта су тасқынының алдын алу бағытында қажетті құрал
саймандар: 100 дана қап, 20 дана күрек, 2 дана бензиновая мотопомпа, 3 генератор, 80дік шлангі 100м, 100дік шлангі 100м сатып алынды.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:
2023 жылдың 9 айында 815 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның465 электрондық цифрлық қолтаңба және 350электрондық
түрде көрсетілетін қызмет.
2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетінің №7 нөмеріне , 2023 жылғы 16 ақпанында «Қолжетімді қызмет – қоғам игілігіне» атты, ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні №39 нөмеріне «Қалтқысыз қызмет көрсетеді» атты мақала жарияланды.
Округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары Атырау облысы әкімдігінің сайтына (atyrau.qov.kz) 2023 жылдың 5 сәуір күні орналастырылды.
Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Жамбыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:
Округ әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-5. Олар: 5 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 4 бас маман) мен 10 келісім шарт негізінде қызметкер (хатшы, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, газ операторлар, күзетшілер) барлығы 15 қызметкер жұмыс істейді.
«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі орын алған жоқ.
- IV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
- Бақылау функцияларын іске асыру.
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының 4 бас маманынан жылдық жұмыс жоспары алынды.
2023 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Бюджет және қаражат игеру және бөлу.
2023 жылдың жылдық жоспары 110625000 теңге жоспарланып сәйкесінше 9 айдың қорытындысы бойынша 79311000 теңге қаржыландыру жоспары артығымен 100% орындалды. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.
2023 жылғы 1 маусымдағы №3-1 мәслихат сесссиясының шешімімен бір рет бюджет қаражаты нақтыланды. Нақтыланған бюджет уақытылы «Ашық бюджет» порталына жарияланды.
2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы да «Ашық бюджет» порталына жарияланды.
2023 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына 213 тармағы енгізілді. Оның 213 тармағы толығымен орындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 83 рет конкурс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- 03.2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталына су сору құрылғысы (матапомпа) жарияланып «ИП Жәнібек» ұтып алды. ИП «Жәнібек» су сору құрылғысы (матапомпа) товарды уақытында жеткізбегені үшін 07.08.2023 жылы сотқа жолданып, сот шешімімен жозықсыз деп танылып келісім шарт бір жақты бұзылды.
VII. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.
Округ әкімінің жалпы 9 айға құжат айналымы 606 кіріс және 530 шығыс хаттары жолданып қабылданды.
Жұмыс тобы мүшелері:
|
Жамбыл ауылдық округі әкімі, жұмыс тобының жетекшісі:
|
О.Аронов
|
|
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
|
Т.Бисембайұлы
|
|
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
|
А.Наушабаева
|
|
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
|
З.Суатова
|
|
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
|
Р.Калиева
|
|
Аналар кеңесінің төрайымы
|
Н.Аяшова
|