ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ 57,7%-Ы ЕГІЛМЕГЕН

ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ 57,7%-Ы ЕГІЛМЕГЕН

 

Қызылша – бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.

Бүгінгі таңда аталған жұқпалы аурумен күрес бойынша ауданда жұмыстар жүргізілуде. Соған сәйкес, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен аудандық аурухана директорымен тікелей эфирде брифинг ұйымдастырылды.

Күні бүгінге «Қызылша болжамды жағдайымен» 67 науқас тіркелген. Барлық тіркелген «қызылша» жұқпасының 1-і мамыр, 1-і тамыз айында тіркелсе, қалған науқастар 24-і қазан, 41-і қараша айында тіркеліп отыр. Оның 1 жасқа дейінгі-19 жағдай (екпе жасына жетпеген).

1 жас пен 14 жас аралығы -26 жағдай.

Жасөспірім-7 жағдай.

Ересектер- 15 жағдай.

«Аурудың алғашқы кезеңінде науқас адамда жалпы әлсіздік, бастың қатты ауыруы білінеді, ұйқы бұзылады және тәбеті нашарлайды. Дене температурасы көтеріледі және ол қызылшаның ауыр түрі кезінде 40°С-қа жетуі мүмкін. Аурудың алғашқы күндеріақ адамда шырышты бөлінділері бар қатты тұмау, тұрақты құрғақ жөтел, қабақтардың ісуі, конъюнктивит байқалады. 3-8 тәуліктен кейін науқастың денесінде біртін деп ағып кететін ашық түсті дақты-папулезды экзантема пайда болады. Қазіргі таңда аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 8 науқас ем қабылдауда, амбулаторно ем қабылдап жатқандар саны-16»- деді аудандық аурухана директоры Айнұр Тилемисова.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 «қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысына сәйкес аудан бойынша қосымша иммандау республика бойынша 6 қарашадан басталса, ауданда 20 қарашадан басталған. Қазіргі қосымша иммундаумен 6 ай-11 айға дейінгі балаларға 44 екпе салынды.

Ауданда қызылшамен ауырған 26 баланың 10-ы яғни, 57,7%-ы екпе алмау салдарынан қызылшамен ауырып отыр, деп баяндады аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратова.

Мамандардың айтуынша аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу медицналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына жүгініп, дәрігердің ұсыныстарын қатаң ұстанып, ұсынылған емнен бас тартпай, сондай-ақ, белгiленген күнтiзбеге сәйкес вакцинациялаудан өту керек. Өз уақытында жасалған вакцинациялау адамды қызылшадан және оның асқынуынан сақтай алады! Ата-аналар балаларына өз кезегінде екпе салдырып, денсаулықтарын сақтауды ескертті.

ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ 57,7%-Ы ЕГІЛМЕГЕН
Дата публикации
28 ноября 2023