Жер учаскелері қалай беріледі

Жер учаскелері қалай беріледі

 

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сай,  "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алу екі кезеңнен тұрады. Ол үшін бірінші кезеңде жеке және заңды тұлғалар ауылдық округ әкімшілігіне –қызметті берушіне портал арқылы  өтініш береді. Өтініште сұратылған жер учаскесінің сызбасын ұсынады.

Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Ал, екінші кезең сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Ауылдық округ әкімдері құжаттарды қарап, ұсыныспен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолдайды, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш келіп түскен сәттен бастап сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды, оған жер учаскесінің схемасын қоса береді және материалдарды жер комиссиясына енгізеді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Екінші кезең: Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындап ауылдық округ әкіміне жолдайды. Ауылдық округтер әкімдері  түпкілікті шешім шығарып, көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету барысы қызқаша жүргізу жолы баяндалды. Көрсетілген қызметтер қағидаға сәйкес жүргізіліп отырғандығын және  алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заң талаптарын қатаң сақтауға бар мүмкіншілікті пайдалану көзделуде.

 

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы

және жер қатынастары бөлімінің бас маманы                     Ж.Махметова

Жер учаскелері қалай беріледі
Дата публикации
28 ноября 2023