Жер учаскелерін беру тәртібі

Жер учаскелерін беру тәртібі

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сай,  «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алу екі кезеңнен тұрады. Ол үшін бірінші кезеңде жеке және заңды тұлғалар ауылдық округ әкімшілігіне –қызметті берушіне портал арқылы  өтініш береді. Өтініште сұратылған жер учаскесінің сызбасын ұсынады.

 Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Ал, екінші кезең көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Ауылдық округ әкімдері құжаттарды қарап, ұсыныспен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолдап, аталған бөлім жеті жұмыс күні ішінде таңдау актісін, ахуалдық схемасын және бір мезгілде барлық мүлделі органдарға қағаз жеткізгіштерді келісуге жібереді. Келісуші органдар он екі жұмыс күні ішінде жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы қорытындылар береді. Оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алуші түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде он сегіз жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне бекітуге жолдайды.

Бөлім үш жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді. Орындаушы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті  берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің жобасын дайындайды. Ауылдық округтер әкімдері  түпкілікті шешім шығарып, көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету барысы қызқаша жүргізу жолы баяндалды. Көрсетілген қызметтер қағидаға сәйкес жүргізіліп отырғандығын және  алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заң талаптарын қатаң сақтауға бар мүмкіншілікті пайдалану көзделуде.

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және

жер қатынастары бөлімінің бас маманы                                 Ж.Махметова

Жер учаскелерін беру тәртібі
Дата публикации
28 ноября 2023