Жемқорлыққа жол берілмейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы қабылданғаннан бері аталмыш дертке қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуле заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Әйтпесе де, пара қорлықпен құқық қорғау органдары қанша күрессе де оның азаймай тұрғанын күнделікті теледидар мен газеттерден көріп отырамыз. Оны жою үшін бірінші пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын анықтап, қоғам болып күрескен абзал. Ол үшін елімізде пара беру де, пара алу да қылмыс екенін сезінетіндей қоғамдық сана қалыптасуы тиіс.
Бұл орайда, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тоқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесіненн шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс-қозғаудың бір негізі-азаматтардың өтініші. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары қара қылды қақа жарып, заң аясында шара қолданатын болады, Қорытан айтқанда аталмыш дертпен ұлт болфп күрессек қана еліміз қарыштап дамуы мүмкін. Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінде арнайы сенім телефоны орнатылып, кәсіпкерлік нысандарға жер учаскелерін беру ҚР Жер кодексінің 48 бабына сай, жер учаскесінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) арқылы, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалғаберу конкурс негізінде және жеке тұрғын үй құрылысының жер кезегі 2019 жылдан бастап жер кезегі электронды жүргізіледі. Демек бұл ретте ешқандай сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ж.Махметова