Азаматтық борыш

Азаматтық борыш   

         Сыбайлас жемқорлық–заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.Сыбайлас  жемқорлықтың алдын-алу шарасын қатаңдатуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде баса айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсене ат салысып, жемқорлық жағдайларына жалпыға ортақ төзбеушілік қоғамын қалыптастыру маңызды екенін жеткізді. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, бір жұдырықтай болып сыбайлас жемқорлықпен күресуде бар күш жігерімізді салуға шақырамын. Қазақстан Республикасының азаматы және мемлекеттік қызметкер ретінде қоғам жастарына үлгі көрсетіп, жауапкершілігімізді арттырып, заң мен адалдықты алға қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетіміз екенін, ұмытпайық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою әрбір адамның мемлекет алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін. Сыбайлас жемқорлықты жеңген күнде ғана еліміз көркейіп, жаңа белестерге жете аламыз. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге «ЖОҚ» дейік!

Саламатова Гүлдана Салаватқызы

Ойыл ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы

 

Азаматтық борыш
Дата публикации
24 ноября 2023