Қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әлемдегі барлық елдерге ортақ мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  әлемдегі барлық елдерге ортақ мәселелердің бірі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз,ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы  білімін қамтитын қасиеті.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс маңызды рөл атқарады.Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық бір жағынан – азаматтық қоғамның құбылысына айналса, екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне төнген қауіптің бірі және еліміздің экономикалық жағдайына теріс ықпал ететін фактор.Ол ежелден келе жатқан құбылыс.Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болсаңыз «1424» Call орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

 

Дайындаған: бас маман  Қияқбай Бержан Темірұлы

Тел:    8 (71238) 71-11-01

 

 

Қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әлемдегі барлық елдерге ортақ мәселелердің бірі.
Дата публикации
15 ноября 2023