«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызметін алудың қадамдық нұсқаулығы «Электрондық Үкімет» порталы (www. egov.kz) көмегімен жүргізіледі. Бұл ретте, электрондық цифрлы қолтаңбаны (ЭЦК) пайдалана отырып, www. egov.kz электрондық үкімет порталына кіру қажет. Ал ол болмаған жағдайда ЭЦҚ-ны қашықтаналып, басты/Бизнес/сервистер қойындылары бойынша өту қажет. Яғни, «Электронды қүкімет порталының басты бетінде «бизнеске» қосымша бетінекіріп, «Лицензиялау және аккредиттеу», одан әрі «рұқсат беру құжаттары» қосымшабетінеөту керек. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметін таңдаймыз деген қадамды басып, қызмет бетінің жоғарғы сол жақ бұрышында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдалануы тиіс. Одан әрі қажет бөлімнің лицензиясын таңдап, өтініш нысанын толтырып (жеке мәліметтер және жер учаскесінің деректері), сканерленген жерге орналастыру жобасын тіркеу қажет. Бұдан соң электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен қол қойғаннан кейін электрондық өтініш беру аяқталады. Егер осы қызметке байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Сағыз ауылы, Ә.Әшіров көшесі №1 үй мекен жайына немесе 8 (71238) 71-147 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Б.ҚИЯҚБАЙ, Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы