«Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 9 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі  сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 9 айы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

« 10 қазан»2023 жыл                                                          Жасқайрат ауылы

         Ойыл  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №109  өкімімен құрылған топпен 2023 жылдың 9 айы бойынша Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2-10 қазан аралығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;

4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

5.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер.

         «Ойыл  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Х.Досмұхамедов 14.

1.Жұмыс тобының басшысы – Ойыл ауылдық округ әкімі М.Жексенов;

  1. Жұмыс тобының мүшелері:
  2. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Борангалиев;
  3. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Мырзағалиева;

3.Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Дәрібаев;

  1. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г.Саламатова;
  2. Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Г.Тілеулесова.

 

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер6 бірлікті, техникалық қызметшілер 13 бірлікті құрайды.Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған жоқ.

Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:

2023 жылдың 4 қаңтардағы №1 өкімімен округ әкім аппаратының күзетшісі Ибраев Кенжебек Ермекқалиевич 2023 жылдың 4 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты өз арызымен  жұмыстан босатылды.

2023 жылдың 4 қаңтардан бастап округ әкім аппаратының күзетшісінің уақытша міндетін атқарушы (жалақы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орны)Шуйншалиев Досбай Бактыгулович тұрақты жұмысқа орналасты.

2023 жылдың 17 сәуірдегі №33 өкімімен маусымдық жұмысқа қабылданған газ операторлары Козбаков Жарас пен Койбаков Азамат  2023 жылдың 17 сәуірінен бастап келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды.

2023 жылдың 5 мамырдағы №41 өкімімен округ әкім аппаратының күзетшісі (жалақы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орны) Мамбеткалиев Момыш уақытша жұмысқа қабылданды.

2023 жылдың 31 қазандағы №120 өкімімен округ әкім аппаратының күзетшісі (жалақы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орны) Мамбеткалиев Момыш негізгі қызметкер жұмысқа шығуына байланысты уақытша жұмыстан босатылды.

Бұл ретте талдау жүргізу барысында жұмысқа орналасқандар мен босатылғандардың сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ екені анықталды

 

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Жыл басынан бері ағымдағы жылдың 9 айында 950 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Оның ішінде 356 электрондық цифрлық қолтаңба және 594 электрондық түрде көрсетілетін қызмет көрсетілді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығы туралы тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 1 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтер бойынша «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды» Атырау облысының интернет ресурсына, яғни atyrau.gov.kz сайтына қағидаларорналастырылды.

        

4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы баға ұсынысы тәсілімен 137 лот жарияланып, 92 келісім-шарт жасақталды. Хабарландырудың камералық бақылау нәтижесінде 2 лот қайтарылды, құжаттамаларына өзгеріс енгізіліп, 2 лот қайта жарияланды. Айына бір рет мемлекеттік сатып алу порталына өзгеріс енгізілді.

Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         2023 жылдың 9 айы бойынша округке  «E-otinish»  ақпараттық жүйесі арқылы, заңды тұлғалардан 1, жеке тұлғалардан 12өтініш келіп түскен.

Оның ішінде заңды тұлғаның 1 арызы қанағаттандырылды, сондай-ақ жеке тұлғалардың 1 өтініші  қанағаттандырылып, 11 өтінішіне жазбаша түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалады.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілерге жадынамалар, орталық көшеге 3 баннер, аудандық «Қызылқоға» газетіне 1 мақала жарияланды.

Округ бойынша сенім телефоны 2-52-54 бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық талдау барысында анықталған тәуекелдер:

1-Тәуекел: 

Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында округ әкімінің кабинетінің кіреберісіне  камера орнату қажет.

Ұсыным: Аудандық қаржы бөліміне сұраныс беру.

2-тәуекел: Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында округ әкімінің өкімімен еріктілер тобы құрылған. Еріктілер жергілікті мекемелерге бағынысты мекеме қызметкерлерінен құралады. Төтенше жағдайлар су тасқыны, қар басу, дала өрті секілді уақыт күттірмейтін, еңбек сағаты аяқталған уақытта болуы мүмкін және жұмыстан тыс уақытта қызмет атқарады.

Ұсыным:Төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын еріктілерге қаржы төлеу мәселесін қарастыру, жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыстар атқарғаны үшін қаржы төлеу.

 

Ойыл ауылдық округінің әкімі 

жұмысшы топтың басшысы                                                         М.Жексенов

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                      М.Борангалиев

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                      Н.Мырзағалиева

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                        А.Дәрібаев

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі                                         Г.Саламатова

 

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маман-есепшісі                                                                          Г.Тілеулесова

«Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 9 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
15 ноября 2023