Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі №5-2 «Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін
2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін
бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі №5-2 «Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5064-06 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |