«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортбөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортбөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                             

20 қыркүйек 2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2023 жылғы 11қыркүйектегі №111 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

            Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз  айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        18-24 қырүйек  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгедемәселелер.

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 2.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің штаттық  құрылымы – 18. Атап айтқанда 1 басшы, 2 бас маман, 1 іс қағаз жүргізуші,1 есепші, 1 тазалықшы, 1 автокөлік жүргізуші, 10 спорт нұсқаушысы.Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Бөлімде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ,  мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміндеҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.

2023 жылдың қаңтар- тамыз айлары бойынша барлығы 1мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

  1) Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - 1;

Сонымен қатар, бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатындааудандық «Қызылқоға» газетіне  (23.02.2023ж №8-9),бөлімнің фейсбук парақшасына және облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына (www.gov.kz) мақалалар жарияланды. Шілде айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы онлайн түрде өтетін бейнеконференцияға бөлімнің бас маманы А.Аязбайқызы тікелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

 

         4.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

         Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін  іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырады.

 

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың 8 айы бойынша  бөлімгее-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жекежәне заңды тұлғалардан 3өтініштүсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

        

 

 

 

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         БөлімдеҚазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

         Мекеме ғимаратындамемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кітапханаларда «Жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесі,«Жемқорлық – індет, жою міндет» дөңгелек үстелі, «Жемқорлыққа жол бермейміз!» тақырыбында ақпарат сағаты, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет» тақырыбында пікір алмасуіс шаралары ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» және «Адалдықтан айнымайық» атты мақалалар  жарияланды.Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.

 

         9.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         -        Бөлім бойынша бөлім басшысымен 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 107 бұйрық қабылданған, оның ішінде 3 бұйрықтың негіздемелері көрсетілмеген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 2.

         Электронды пошта:g.kurmangaziyeva@atyrau.gov.kz,байланыс нөмері 8/71238/2-18-57.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:18-22қыркүйек аралығы.
  2. Бақыланатын кезең: 2023 жылғы 8 айы бойынша

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;

2.Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;

  1. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

 

                                     Г.Құрманғазиева

 

 

 

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімініңбас маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

                                        А.Аязбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортбөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
08 ноября 2023