Сағыз ауылдық округі әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымша

 

БЕКІТЕМІН:

Сағыз ауылдық округ әкімі

________У.Адилов

30 қазан  2023 жыл

Сағыз ауылдық округі әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

талдамалық анықтама

 

Сағыз ауылы                                                   30.10.2023 ж.

 

Кіріспе бөлімі: 2023 жылдың 9 қазандағы №261 өкімді басшылыққа алып «Сағыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-ніңсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру жөніндегі 16-27 қазан аралығында төмендегідей құрамда жұмыс тобымен жүргізілді:

  1. Жұмыс тобының басшысы - Сағыз ауылдық округ әкіміУ.Адилов;
  2. Жұмыс тобының мүшелері:
  3. Сағыз ауылдық округ әкімінің орынбасары Ә.Кеңесова;
  4. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы С.Ахметниязова;
  5. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы А.Қалиева;
  6. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы М.Шолтаманова;

5.Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы С.Байдуллина;(еңбек демалысына шығуына байланысты сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жүргізуге қатысқан жоқ)

  1. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы Ж.Ақтілеуов;
  2. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы С.Сапаш;
  3. Сағыз ауылдық округ әкімінің бас маманы Б.Қияқбай;

Сипаттама бөлігі:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау:
  • «Сағыз ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны- 21 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі-1 округ әкімі орынбасары-1, бас мамандар-7, келісім шарт бойынша- 14 адам.
  • «Шұғыла» мәдениет үйінде мекемесінде штат саны-20,5 бірлікті құрайды. Атап айтқанда директор-1, мәдени қызметкер-9,5, келісім шарт бойынша-10 адам.
  • Мекемелерде жұмыстан босатылғандардың ешқайсысында сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ.
  • Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жүргізіледі.
  • «Сағыз ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
  • 2023 жылдың 12 сәуірдегі №98 өкіммен округ әкім аппаратының заңгері Сапаш Саламат 2023 жылдың 12 сәуірден бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
  • 2023 жылдың 12 сәуірдегі №99 өкіммен Сапаш Саламатты округ әкімі аппараты бас маманының(уақытша 01.06.2025 жылға дейін, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқарушы үшін қабылданды.
  • Негіздеме: Қызылқоға ауданы әкімдігі бойынша бос (немесе уақытша бос) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс хаттамасының қорытынды отырысының 2023 жылдың 31 наурыздағы №7 хаттамасы, 2023 жылғы 13 сәуірдегі №1 еңбек шарты.
  • 2023 жылдың 23 мамырдағы №140 өкіммен Сапаш Саламаттың арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі аппараты бас маманының(уақытша 01.06.2025 жылға дейін, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
  • Бұл ретте талдау жүргізу барысында жұмысқа орналасқандар мен босатылғандардың сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ екені анықталды.
  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

«Сағыз ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде, «Шұғыла» мәдениет үйінде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден шағым  түспеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

«Сағыз ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жыл басынан бері қосқанда барлығы 2147 қызмет көрсетілді. Ал жыл басынан бері 103-жеке тұлғалардың өтініштері, 3-заңды тұлғалардың өтініш қабылданды, жыл басынан бері мекеме қызметкерлеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ және көрсетілген қызметтер бойынша қызметкерлердің үстінен шағым түскен жоқ.Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрығына сәйкес округ әкімі аппаратында 5 қызмет түрі қабылданады. Жыл басынан бері аталған қызметтер бойынша өтініштер толықтай орындалды. Мерзім өткізіп алу фактісі орын алған жоқ

  1. Сыбайлас жемқорлық талдау барысында анықталған мәселелер:

1-Тәуекел:Округ әкімі аппаратында және оған қарасты мекемелерде еңбек шарты негізінде тартылатын жұмыскерлердің бос жұмыс орындарына конкурс жариялау, еңбек шартын әзірлеу және т.б әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында enbek.kz порталы арқылы тиісті жұмыстар жүргізіледі. Аталған портал кеңінен насихатталмауына байланысты кейбір азаматтар бос жұмыс орынына жарияланған хабарламалардан бейхабар болып жатады.

Ұсыным:Жұмысқа қабылдауды тек enbek.kz порталы бойынша ұйымдастыру, конкурс қарау, конкурсқа қатысу және жалпы нұсқаулықты кеңінен насихаттау үшін әлеуметтік желілерге және БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету.

Қосымшалар:

1.Округ әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарын жауапты мердігерлер өзіне жүктелген міндеттемелерді толық және мерзімінде орындай алмауы салдарынан жұмыстың сапалы орындалуына, сондай-ақ қаржының уақытылы игерілуіне кедергісін келтіріп,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әкеп соғу мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызметшілердің өз құзыретін асыра пайдалануды алдын алу мақсатында ескірген ғимараттарды жаңасына ауыстырып немесе салынып жатырған әкімшілік ғимараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің кабинеттерін шыны бөлгіштен мөлдір қабатты әйнектен орнату қажет.

«Сағыз ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 71-1-47 сенім телефоны және журналмен арнай сенім жәшігі орнатылған. Жыл басынан беріауыл тұрғындарынан ешқандай шағым, ұсыныс-пікірлер болған жоқ.

Келіп түскен өтініштерді қарап талдау жөнінде комиссия құрылып, тексеріліп қатаң бақылдауда болады. Округ әкімінің қабылдау кестесі әр тоқсан сайын бекітіліп отырады.

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының төрағасы

 _____________________У.Адилов

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________Ә.Кеңесова

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ж.Ақтілеуов

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Б.Қияқбай

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ А. Қалиева

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ С. Ахметниязова

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ М.Шолтаманова

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ С.Сапаш

 

 

 

 

 

 

Сағыз ауылдық округі әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
03 ноября 2023