«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау  жүргізу нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

  1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 09.2023 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.
  2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2023 жылдың 04.09.2023 жылғы округ әкімінің №180 өкімі.

 «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің  2018 жылғы 26 қаңтардағы №14  қаулысымен алынған Ереженің  негізінде жұмыс  атқарады. 

  1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы – Жақсиев Азамат Қонысұлы; округ әкімі аппаратының бас мамандары, Сарбаева Жанаргуль Жанбырбекқызы, Аталикова Лаззат,   Карон Әйгерім Арсыланқызы, Нұрлыбаева Райхан Есқабылқызы, Нұрлан Аягүл Нұрланқызы, Оразғалиев Ерболат Қабжанұлы.
  2. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің  аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Жақсиев Азамат Қонысұлы .

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –15  бірлікті құрайды.  Атап айтқанда округ әкімі -1,  бас мамандар – 6 адам,  техникалық   қызметкерлер   саны 8  -  адам  жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық  қызметінде  ағымдағы жыл  ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

10.01.2023 жылы округ әкімінің №9-ө өкімімен Өмірзақ Айжамал Әлібекқызы округ әкімі  аппаратының хатшысы лауазымына тағайындалды.

20.01.2023 жылы округ әкімінің №22-ө өкімімен округ аппаратының хатшысы Өмірзақ Айжамал Әлібекқызы өз өтінішіне сәйкес 2023 жылдың 22 қаңтарынан бастап атқаратын қызметінен босатылды.

01.02.2023 жылы округ әкімінің №40-ө өкімімен Ержанова Алтынгүл Байдоллақызы округ әкімі  аппаратының хатшысы лауазымына тағайындалды.

10.04.2023 жылы округ әкімінің №77-ө өкімімен 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап уақытша 3 (үш) ай сынақ мерзімімен 2023 жылдың 08 шілдесі аралығында округ әкімі аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқару үшін А.Нұрлан  жұмысқа қабылдансын.

10.07.2023 жылы округ әкімінің №139-ө өкімімен Нұрлан Аягүл Нұрланқызы сынақ мерзімінен өтуіне байланысты округ әкімі  аппаратының бас маманы  лауазымына тағайындалды.

10.07.2023 жылы округ әкімінің №140-ө өкімімен 2023 жылдың 10 шілдесінен  бастап Оразғалиев Ерболат Қабжанұлы арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін округ әкімі аппаратының бас маманының (уақытша 18.08.2025 жылға дейін, бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқару үшін қабылдансын.

10.07.2023 жылы округ әкімінің №142-ө өкімімен жеке еңбек шартымен Екібаев Абзал және Сұлтанғалиев Бауыржан округ әкімі аппаратының күзетші қызметіне қабылданды.

24.08.2023 жылы округ әкімінің №172-ө өкімімен 2023 жылдың 24 тамызынан  бастап Оразғалиев Ерболат Қабжанұлы арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі аппаратының бас маманы (уақытша 18.08.2025 жылға дейін, бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқару үшін қабылдансын.

25.07.2023 жылы округ әкімінің №152-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Карон Әйгерім Арсыланқызы  2023 жылдың 01 тамызынан бастап өз өтінішіне сәйкес, декреттік демалыстан шықты.

25.07.2023 жылы округ әкімінің №152-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы міндетін уақытша атқарушы Масатұлы Нұрболат 2023 жылдың 01 тамызынан бастап жұмыстан босатылсын.

21.09.2023 жылы округ әкімінің №194-ө өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы міндетін уақытша атқарушы Е.Оразгалиев 2023 жылдың 04 қазанынан бастап жұмыстан босатылсын.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2)   ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

          4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

            8)  шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілерді  қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.  

Округте ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қывзметтік этика ержелері)талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу,жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook.instagram)жарияламау және сол сияқты құқық бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Округте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау,бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру,тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №271 «Ашық бюджеттер инернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өкізетін «Ашық бюджеттер» порталына «budget.egov.kz» орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп ,электрондық веб-порталда жарияланады.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар,бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Округте негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде Баға ұсынысын сұрату тәсілменен 66 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

 10.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

 

№ р/с

ТӘУЕКЕЛ

ҰСЫНЫМДАР

1

Соркөл елді мекеніндегі  кітапхананың ғимаратына қайта жөндеу жұмыстары бойынша 2 (екі) мәрте порталға жарияланды. 21.06.2023 жылы                               Лот №102525521  және 04.07.2023 жылы Лот №103114131  бойынша камералдық бақылау хабарламасымен кері қайтарылды.

 

Биылға жарияланғанымен кері қайтарылды бюджетке себебі техникалық сипаттама қате және толық емес болуына байланысты. Келесі жылы қайта сұраныс берілетін болады.

2

 

 

  1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 9 айы бойынша  жалпы саны – 1014 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і,  Мұқыр орта мектебі,  МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі, №2 ЖОББМ   www. adaldyk.kz   тіркелген.
  3. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 9 айы бойынша жеке тұлғалардан 83 өтініш  түсіп, 83 өтінішке заң шеңберінде түсіндірілді.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы   журнал  ашылған , 61-5-49   сенім телефондары  жария  етілген.

 

Қорытынды:

  1. Қолданыстағы Мемлекеттік сатып алу Заңы 04.12.2015 жылғы №434-V заңнамаcын қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

 

 

 Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының басшысы

 _____________________А.Қ.Жақсиев

«____» _______________ 2023 жыл

 

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ж.Ж. Сарбаева

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Р.Е.Нұрлыбаева

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Ә.Карон

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ А.Нұрлан

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Л.С.Аталикова

 

Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізген  жұмыс тобының мүшесі

 _____________________ Е.Оразғалиев

 

 

 

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
01 ноября 2023