Миялы ауылысело Миялы
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 250 «Қызылқоға ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 250 «Қызылқоға ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3764 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.