Миялы ауылысело Миялы
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №108 «Қызылқоға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №108 «Қызылқоға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3555 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.