«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
28 қыркүйек 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2023 жылғы 22қыркүйектегі №272 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 22-28 қырүйек аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 22-28қыркүйек аралығы.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығы.
«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қал құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 8. Атап айтқанда бөлім басшысы 1, бас маман – 5, басшының хатшысы – 1, автокөлік жүргізуші – 1. Қазіргі уақытта 1 бас маман-есепші, 2 бас маман орны бос. Бас маман-есепші бала күтіміне байланысты декреттік демалыста, 1 бас маман босануға дейінгі еңбекке жарамсыз күнінде, 1 бас маман өз еркімен жұмыстан босатылды.(01.09.2023 жылдан бастап).
Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау, аудан әкімі аппараты арқылы конкурс негізінде жүргізіледі. Бос орындарға вакант жариялау ұсыныс берілді. Аталған конкурс қазан айында өтеді.
Бөлім арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді.
Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды. Есепті кезеңде, аталған қызмет арқылы «ИИС ЦОН» жүйесі арқылы қызметті алушы Нурадина Куралай Шохановна (890719401969) 28.04.2023 жылы, Кенжегалиева Кансулу (580607401043) 03.05.2023 жылы, Рыскалиев Талғат Батыргалиевич (890906302362) 03.05.2023жылы, Каламбаев Сакен Саматович (861211302514) 08.06.2023 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметін алу үшін өтініш түскен. Алайда, осы қызметтер 1-3 күн мерзім бұзылуымен орындалғаны анықталып, бөлімнің бас маманы С.Бағытжановқа ескерту түріндегі шара қолданылды.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысыбөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 88 конкурс жарияланды. Конкурстарды камералық бақылау нәтижесінде барлығы 28 ескерту беріліп, 23 конкурстың құжаттамаларына өзгеріс енгізіліп, 5 конкурс тоқтатылды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.
Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың 8 айы бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен заңды тұлғалардан 1 арыз, 1 хабарлама, 5 сұрау салу және жеке тұлғалардан 2 арыз, 1 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде заңды тұлғаның 1 арызы, 4 сұрау салу қанағаттандырылып, 1 сұрау салу түсіндірілді, 1 хабарлама қаперге алынды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың 2 арыз қанағаттандырылып, 1 ұсынысына жазбаша түсінік берілді.Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалды.
Қызылқоға аудандық құрылыс, әулет және қала құрылысыбөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Бөлім аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, атап айтсақ «Көп болып күресу күш», «Эскиздік жобаны келісуден өткізу тәртібі», «Қызмет тегін» тақырыбында «Қызылқоға» газеті бетіне және бөлімнің фейзбук және инстаграм парақшаларында эскизді келісім алуға шағын видеороликтер жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-13-42 бекітілген.
9.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды. Есепті кезеңде, аталған қызмет арқылы «ИИС ЦОН» жүйесі арқылы қызметті алушы Нурадина Куралай Шохановна (890719401969) 28.04.2023 жылы, Кенжегалиева Кансулу (580607401043) 03.05.2023 жылы, Рыскалиев Талғат Батыргалиевич (890906302362) 03.05.2023жылы, Каламбаев Сакен Саматович (861211302514) 08.06.2023 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметін алу үшін өтініш түскен. Алайда, осы қызметтер 1-3 күн мерзім бұзылуымен орындалғаны анықталып, бөлімнің бас маманы С.Бағытжановқа ескерту түріндегі шара қолданылды.
1-тәуекел
«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12 тармағында:
Бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;
осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;
осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды» делінген.
Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.
Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.
Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.
Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.
Бөлім яғни Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер болған кезде, жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.
Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікке тек бөлім қызметкерлері тартылатынын, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынынерекше атап өткен жөн.
Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына ( 3-1-қосымша).
Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі-ҚМЖ) көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.
Мысалы, құны 1 млрд.теңге құрайтын нысандар бойынша техникалық қадағалау қызметі орта есеппен 20,0 - 40,0 млн. теңгені құрайды. Сәйкесінше техникалық қадағалаушының еңбекақысы тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік қызметшіден 2-3 есе жоғары алады. Алайда, нақты тәжірибеде тапсырыс берушіге жауапкершілік артылады. Салыстырмалы түрде аз жалақы алатынын (мемлекеттік қызметкерлер 200-ден 300 мың теңгеге дейін (штаттан тыс қызметкерлер 110-130 мың теңгеге дейін)атап өту қажет.
ҰСЫНЫМ:
- Жоғарыдағы мән-жайлардың негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізу органға ұсыным хат жолдау қажет.
2-тәуекел
Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 104-1-бабында Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық көрсетілген. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық әсердің болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1-бабы Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін, яғни лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қаралған.
Бұл ретте, аталған жауапкершілікке тартылмас үшін, ай сайынғы жоспарланған қаржыны игеру үшін тиімсіз пайдалану тәуекелі бар.
ҰСЫНЫМ. Бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін, яғни ай сайынғы жоспарланған қаржыны әр тоқсанға бөліп қарастыру бойынша заңнамалық құжат қабылдау қажет етеді.
3-тәуекел
Әлеуетті өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан, ал міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындаған) жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы қаралған.
Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.
Сонымен қатар, Шарт бойынша жұмыстарды қасақана кешіктірген әлеуетті өнім берушілер ескерту хатқа сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: Көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 пайызға дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.
Бұл өз кезегінде, қызмет барысында Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда.
ҰСЫНЫМ:
- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында, әлеуетті өнім берушімен жасалған ҚМЖ бойынша келісім шартқа, электронды өндірістік жұмыстардың кестесін енгізу.
-Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізу қажет. Ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беру туралы;
- Сотқа аппеляциялық шағым келтіру кезінде екі жақты шартқа сәйкес және бөлімнің ережесіне сәйкес, жоғары тұрған органның келісімінсіз тікелей аппеляциялық шағым келтіру туралы ұсынымдар беру қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
электронды пошта:kizilkoga-stroi@mail.ru байланыс нөмері 8/71238/2-13-42.
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
1.Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
2.Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
|
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жұмысшы топтың жетекшісі |
Д.Нығметов |
|
|
|
|
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі |
А.Бейбітов
|
|
Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі |
С.Бағытжанов |
|
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің хатшысы, жұмысшы топтың мүшесі |
Н.Қуанышқалиев |