Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларына ішкі талдау жүргізу туралы анықтама
Миялы ауылы 12 қыркүйек, 2023 жыл
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылдың 1 қыркүйектегі «Аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметіндегі сыйбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №72 бұйрығы негізінде қаңтар мен тамыз айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 8 айындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;
Василий Жұлдыз Нұрбекқызы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ мүшесі:
Қабидолла Гүлбаушан Нәдірқызы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, топ мүшесі;
Тасжанова Әйгерім Мұратқызы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі, топ мүшесі:
Ардақ Айсәуле Ардаққызы - «Upgrade Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сарапшы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2023 жылдың қаңтар - тамыз айлары аралығы бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізудің бағыттары:
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Бөлім бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
- Сәйкестік туралы декларациясы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Аудандық ішкі саясат бөлімінде 2023 жылға 5 әлеуметтік тапсырыс өткізу жоспарланған. Оның ішінде «Іскер ана» жобасы жоспарда көрсетілген мерзімде өткізілмеген;
- Аудан бойынша проблемалық мәселелерге қатысты және аудан жетістіктерін насихаттау мақсатында қысқаметражды роликтер байқауы жоспарда көрсетілген мерзімде өткізілмеген;
- Білікті теологтарды тарта отырып профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қызметі бағыты бойынша жоспарланған мерзімнен кеш өткізілген.
- Себебі, бөлімдегі осы салаға жауапты маман декреттік демалысқа кетуіне байланысты, орнына жауапты маман уақытында белгіленбеген. Соның салдарынан, уақытыныда өткізілуі тиіс шаралар мерзімінде өткізілмей, қаржы уақытында игерілмеген.
- Бөлім бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Бөлім бойынша бөлім басшысымен 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 74 бұйрық қабылданған, оның ішінде 4 бұйрықтың негіздемелері көрсетілмеген.
- E-otinish сайтына жауапты маман декреттек демалысқа кеткеннен кейін орнына жауапты маман уақытында белгіленбеген.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
- Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
- Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 3; азаматтық қызметшілер саны - 8. (1 әдіскер, 1 хатшы, 1 аудармашы, 2 есепші, 1 архивариус, 1 хат тасушы және 1 автокөлік жүргізушісі). Барлығы 11 қызметкер жұмыс істейді.
- Мүдделер қақтығысы жоқ.
- Кадрлық тағайындауларға жұмыспен қамту орталығы арқылы және «Enbek.kz» сайты арқылы жүргізіледі.
- Сәйкестік туралы декларациясы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды.
- Бөлімде 8-71-238-21511 номері «Сенім телефоны» ретінде бекітілген.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтылап, бекітілген.
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.
- Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақытылы жасалады және олардың шартқа сәйкес орындалуы бақыланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар:
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою:
- Әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылатын шаралардың мерзімін нақты көрсету, қаржыларды уақытында толық игеру;
- Бөлім бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Бөлім бойынша қабылданған кейбір бұйрықтардың негіздемелерін толық көрсету;
- E-otinish сайтына жауапты маманды бұйрықпен белгілеу, уақытында ашып қарап отыруды тапсыру;
- Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды ақпараттық насихаттау:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
|
1
|
Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі
|
|
2
|
Василий Жұлдыз Нұрбекқызы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ мүшесі
|
|
3
|
Қабидолла Гүлбаушан Нәдірқызы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, топ мүшесі
|
|
4
|
Тасжанова Әйгерім Мұратқызы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі, топ мүшесі
|
|
5
|
Ардақ Айсәуле Ардаққызы
|
«Upgrade Атырау» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы, топ мүшесі
|