«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                             

19  қыркүйек 2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының2023 жылғы 4қыркүйектегі  №71 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

            Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз  айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        2023 жылдың 14-20 қыркүйек  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгедемәселелер.

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлікбөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.электронды пошта:aulshar@mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-11-81.

          1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің штаттық  құрылымы – 7. Атап айтқанда бөлім басшысы, 2 бас маман, басшының хатшысы, есепші, тазалықшы, автокөлік жүргізуші. Бөлімнің бас маманы Р.Қайырғалидың, денсаулығына байланысты (өз өтініші негізінде) жұмыстан босауына сәйкес  (2023 жылдың 5 маусымдағы №43 бұйрығы) және бөлімнің бас маманы Т.Орынғалидың бала күтімінде болуына орай, аудан әкімі аппараты арқылы өткізілген  конкурс нәтижесіне сәйкес,  Гүлжанат Теңелбай Сансызбайқызы ( негізгі қызметкердің бала күтімінде болуы) және Оралбек Отарбай Есболсынұлы 2023 жылдың 11 шілдесінен бастап 2023 жылдың 9 қазанына дейін, 3 ай сынақ мерзіммен бөлімнің бас мамандары қызметтеріне орналасты.Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу-жоқ
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету-Кәсіпкерлік бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру- Бақылау-тексеру функциялары атқарылмайды.

         6.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланып,  барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         2023 жылғы бекітілген бюджет қаражаты және жыл ішінде бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мерзімінде  «Ашық бюджетке» budget.egov.kz 2 рет жарияланып,  тоқсандық есептілігі Қаржы Министрлігінің «е-минфин» бағдарламасына енгізілді.

         Жыл басынан мемлекеттік сатып алудың 83 баға сұранысы бойынша конкурс өтіп 2138305 теңгеге(оның ішінде 77 рет 1557347 теңгеге тауарлар, 6 рет 580958 теңгеге әр түрлі қызметтер) тауарлары сатып алынып, қызметтері  көрсетілсе,негіздемелік келісімді пайдалана отырып, екінші кезең конкурс бойынша 3 рет 942928  теңгеге өткізілді  (1 рет тауарларға -566142 теңгеге, 2 рет қызмет көрсету-376786 теңгеге).

         Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін  іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізге алынып, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың 8 айы бойынша  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жекетұлғалардан 2өтініш, 1 қабылдауға байланысты сұраужәне бөлімге тікелей 1 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді. Сонымен қатар, 10.10.22 жылы 16сағ 31 минутта е-өтініш ақпараттық жүйесіндегі №ЗТ-2022-02485723 санды өтініш мерзімінде бөлімде тіркелмегендіктен (платформада бөлімнің атауы  сол кезде өзгермегендіктен (Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) өтініш қате түскен (өтініш мазмұны ауыл шаруашылығы саласы бойынша) Платформаға түскен өтініш жұмыс аяғына қарай түсіп, өтініш берушіге хабарласқанда, бөлімге қатысты емес, сондықтан кері алам дегенмен, өтінішті келесі күні қайтарып алды.Осы өтінішке сәйкес облыс әкімі аппаратының хатына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімі аппараты басшысының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 06-06-01-05/412 санды хаты келіп ( мерзімінде тіркелмеуіне байланысты хатқа байланысты жауапты маманға шара алу жөнінде),өтініштерге жауапты бөлімнің бас маманы Р.Қайырғалиға (2023 жылғы 10 ақпандағы №17 бұйрық)ескерту түріндегі тәртіптік шара алынды.

           

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         Бөлімде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 10 ауылдық округтерде өткізілген семинар-кеңестер, түсіндірме жұмыстар, ниет етуші тұлғалармен жүргізілген жеке қабылдаулар кәсіпкерлік  бөлімі арқылы ашылған фейсбук және kyzylkoga инстаграмм парақшаларында  жарияланып отыр.«Қызылқоға ауданының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, әр түрлі бағдарламалар бойынша жасақталған бетшелер  таратылды. Сонымен қатар,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына1 рет«Жемқорлықпен күрес жалғаса береді» атты мақала  жарияланды.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.

         9.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде, аудан көлемінде кәсіпкерлікті дамытуда шешілмей  отырған мәселелер бар.

         Қызылқоға ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, несие беруші екінші деңгейлі  банктер аудан кәсіпкерлерінің  кепілдерін  алмай қаржыландыру қиындық туғызуда. 

         Сауда саласы инвестицияның басым секторына жатпағандықтан, осы салаға  берілетін қаржылық қолдауларда жеткіліксіз:

-Сауда саласына айналым қаражатын толықтыруға  берілетін несие сомасының шекті мөлшерін ұлғайту және қайтару мерзімін 5  жылға дейін (қазір 2-3 жыл) көтеру;-сауда жабдықтарын лизингтік жүйемен беру, себебі кепіл саясаты қиын кәсіпкерлер бар.

-Заманауи сауда құрылыстарын (супермаркеттер мен сауда үйлері) салуға қаржылық қолдау жасауға, төмен пайызбен облыс деңгейінде бағдарлама жасақтау

         Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, мекеме мемлекеттік автокөлік сатып алуға аудан бойынша ортақ конкурс ұйымдастырушы аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі арқылы өткізуге сұраныс берілген болатын.Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №108 жарлығында орталық мемлекеттік жергілікті атқарушы органдарға шығыстарын орталық мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субьектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы,Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №108 өкімінің 1 тармағының 1 тармақшасына  сәйкес, 3 жыл мерзімге шектеу қойылған  қазіргі таңда автокөлік сатып  алу үшін осы өкімнің күші жойылғаны туралы заңды құжат болмай отыр.Осы тармақтың нақты күші жойылғандығы болмай отыр.

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы жұмысшы  топтың  жетекшісі

 

                                     З.Сарбуфеева

 

 

 

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

О.Отарбай

 

 

 

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

Г.Теңелбай

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

М.Серікбай

Атырау облысы ішкі саясат басқармасы» «Азаматтық орталығы» КММ-нің  Қызылқоға аудандық маманы

А.Ардаққызы

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
04 октября 2023