|
|
Бекітемін Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы К.Камаладенов
________________________ 19 қыркүйек 2023 жыл
|
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Миялы ауылы 19.09.2023 ж
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясыбөлімі.
Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2023 жылғы 24 тамыздағы №102 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс тобының басшысы:
Ерсағын Құмаров- бас маман.
Жұмыс тобының мүшелері:
Венера Жумалиева – бас маман
Арсен Аққали- әдіскер.
4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.
1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
2)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.
3) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы.
5) Прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері.
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн есеп беру, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар;
Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша. нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталғанжоқ.
№1 тәуекел «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V ҚРЗ Заңының 22-бабының 2-тармағында Тапсырыс беруші ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күшінен бастап бес жұмыс күні ішінде 1), 2), 3) дегеніңіз конкурс жариялағанға дейін үш жұмыс күнді, яғни барлығы күнтізбелік он күннен аса уақытты алып, осының салдарынан келісім шартқа отыру мерзімі кешеуілдейді немесе қайда конкурс өткізіледі.
Ұсыным: “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізе отырып, көрсетілген бес жұмыс күнді қысқарту жолдары қарастырылса.
№2 тәуекел: Бөлім арқылы жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарын жауапты мердігерлер өзіне жүктелген міндеттемелерді толық және мерзімінде орындай алмауы салдарынан жұмыстың сапалы орындалуына, сондай-ақ қаржының уақытылы игерілуіне кедергісін келтіріп,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әкеп соғу мүмкін.
Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-3, штаттан тыс қызметшілер саны-4(әдіскер, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер және 2023 жылдың ақпан айынан бастап 7 штат берілді (1-тазалықшы, 3- от жағушы, 3 – күзетші) жұмыс жасайды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
2023 жылдың қаңтар – тамыз айлары қорытындысы бойынша барлығы 108 бұйрық қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.
Бөлімнің атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталсақ, жол құрылысы бойынша7 жоба жүзеге асырылады. «Сағыз ауылының кірме және ауылішілік жолдарны қайта жаңғырту (6,8 км)», «Мұқыр ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (4,7 км)», «Сағыз ауылының (3 ауыл) кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (6,8 км)», «Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу (11,079 км)», «Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы (8,212 км)», «Мұқыр ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (6,0 км)», «Кенбай елді мекеніне кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту (1,568 км)».
Электрмен қамту саласында 6 жоба «Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында орналасқан М.Сұлтанов, М.Дәулетбаев, 4 ауыл, 5 ауыл, басты жолдың бойында көше жарықтандыру желілерін ұйымдастыру»,«Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылындағы көшелерді жарықтандыру (ұзындығы 2,8 км)»,«Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылында көше жарығын орнату (ұзындығы 2665 метр)»,«Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында көшені жарықтандыру құрылысы», «Қызықоға ауданы Жангелдин ауылының кіреберіс жолын электрмен жарықтандыру»,«Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында 1-2 ауылдарының электр желілерінің құрылысы».
Ауыз сумен қамту бойынша аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 18-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, яғни тұрғындардың 97,8%-ын құрап отыр. Қалған 8 елді мекен (3,7%-ы) жер асты (артезиан) суын пайдалануда.
Көгілдір отынмен қамту бойыншааудан көлемінде халықты табиғи газбен елді мекендердің 76%-ы немесе халықтың 98%-ы қамтылған (724,14 км).
Газ тартылмаған 6 елді мекенге (Соркөл, Сарқұмақ, Кенбай, Қоңыраулы, Тасқұдық, Былқылдақты) газ тарту жұмыстары басталды. 2021 жылға бөлінгені 300,0 млн. теңге. Мердігер «Газстрой» ЖШС) Жоба аяқталған уақытта аудан толықтай табиғи газбен қамтылатын болады.
Абаттандыру және көгалдандыру бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында көктемгі науқанда көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге әр ауылдық округтерде орындар дайындалды, биылғы жылы жоспарланған 4900 түп талдың 2985 түп талы егілді. 1915 түп тал күз айында егіледі деп жоспарлануда.
Тұрғын үймен қамту бағытындаҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу 6 санат бойынша жүзеге асырылады. 2022 жыл бойынша ҰОС ардагерлері санаты бойынша кезекке тіркелгендер жоқ. Қазіргі таңда көп балалы отбасы – 130, халықтың әлеуметтік әлсіз топтар санаты бойынша – 175, бюджеттік мекеме қызметкерлері санатымен - 88, жетім балалар санатымен-31 және тұрғын үйі апатты жағдайда тіркелгендер азаматтар-22, барлығы-446 адам тұрғын үйге мұқтаж отбасы тіркелген.
2023 жылдың 7 айы бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 1 отырысы өтіп, тұрғын үй кезегінде тұрған 19 азамат кезектілік ретімен үй алды.
3.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштері.
Есепті кезеңде бөлімге арыз шағым тіркелмеді. Арыз шағым есебі аудан әкімі аппаратына уақытында тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.
4.Мемлекеттік сатып алу веб порталы туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдері, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады. Сонымен қатар бюджеттік өзгерістер болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жетілдіру және күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» ақпараттар уақытылы салынды.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 67келісім шарт жасақталды.«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі тарапынан бөлім арқылы жарияланған 2 сатып алу мемлекттік стандарттардың болмауына байланысты кері қайтарылды. Тиісінше берілген кемшіліктер қалыпқа келтірілді.
5.Прокурорлық , сот актілері.
2019 жылы 3 шілдесінде «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылына кіретін және ауыл ішіндегі автомобиль жолын (жаяу жол) реконструкциялау» нысанының құрылысы бойынша «Айдана-ИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №43 келісім шарт жасасқан болатын. Келісім бойынша өзіне жүктелген міндеттерді мерзімінде және толық қанды орындамғаны үшін 2023 жылы «Айдана-ИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін
- мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану,
- 2022 жылы құрылыс жұмыстарына алдын-ала төленген (аванс) 40 470 883,0 теңгені бюджетке кері қайтарып беру,
-тұрақсыздық айбының қалған бөлігі 15 433 345,0 теңгені өндіріп алу бойынша талап арыз жолданып, қазіргі уақытта сот процесі жүруде.
Қазіргі таңда бөлімде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бірінші көрсетілетін қызмет түрі "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш түскен жоқ.
Екінші қызмет түрі - "Тұрғын үй сертификаттарын беру". Бұл қызмет түрі 2020 жылдан бастап көрсетілуде. Электронды Үкімет порталында қызмет алу мүмкіндігі жоқ. 2023 жылдың 8 айлық есебі бойынша өтініш түскен жоқ.
Үшінші қызмет түрі – «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды..
Төртінші қызмет түрі - «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына сай, «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» қызметі. Бұл қызметке өтініш түспеді.
Бесінші қызмет түрі: «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығы«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» қызметі. Бұл қызмет түрі қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі.44 өтініш түсіп, қанағаттандырылады.
2023 жылдың 3 тоқсаны бойынша аудан әкімдігі жанынан құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру комиссиясының 1 отырысы өтіп, оның ішінде: 19 жалдамалы пәтер берілді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде халыққа түсіндірубағытында 2023 жылдың 18 қыркүйегінде онлайн «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тікелей эфир» өткізілді.
Бөлімнің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне бөлім бойынша атқарылатын жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және бейне роликтер жарияланып отырады.
«Қызылқоға аудандықтұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне қауіп туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталмады.
Бөлім басшысы: К.Камаладенов
Бас маман: Е.Құмаров
Бас маман: В.Жумалиева
Әдіскер: А.Аққали