«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
15 қыркүйек 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының 2023 жылғы 31 тамыздағы №87 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 11-15 қырүйек аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 15-31 тамыз аралығы.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығы.
«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің штаттық құрылымы – 10. Атап айтқанда басшысы, сектор меңгерушісі, 2 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы №301 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/269 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтер e-license.kz және egov.kz веб порталдар арқылы және қағаз түрінде көрсетіледі.
2023 жылдың қаңтар- тамыз айлары бойынша барлығы 442 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 117;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 10;
3) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 3;
4) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 3;
5) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 5;
6) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;
7) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 6;
8) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 1;
9) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 1;
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 104;
11) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы мелиоратитвтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғару арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (түлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру-27;
12) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы, мелиоратитвтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлiктер беру-28;
13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу-135;
14) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)- 2 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Сонымен қатар, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту қалай жүзеге асырылады» (22.02.2023ж №8-9), және «Жер учаскелерін беру қалай жүзеге асырылады» атты мақалалар «Қызылқоға» газетіне мақала жарияланды (8.06.2023 ж №24)
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр және 2023 жылдың 8 айында бөлімнің үнемделген қаржы болмауына орай, қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақы берілген жоқ.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың 8 айы бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 18 өтініш, 6 сұрау түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша Е-өтініш ақпараттық жүйесіндегі №ЖТ-2023-00293734 санды өтініш жауап беру кезінде қабылданған шешімді ақпараттық жүйеде қате таңдалған. Осыған байланысты бөлімнің бас маманы Ж.Махметоваға ескерту түріндегі тәртіптік шара қабылданды.
Сонымен қатар, аудандық жер комиссиясы 8 рет өткізілді. 55 өтініш қаралып, нәтижесінде 51 өтініш қанағаттандылырылып, 4 мәселеге заң шеңберінде қанағаттандырудан бас тартылды.
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, атап айтсақ «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді және «Сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жою» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында брошюралар таратылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына 1 рет «Сауаттылық қажет» атты мақала жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-15-18 бекітілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» үшін Кайров Еркин Искендировичтің өтініші (KZ31RBD02212397, KZ16RBD02212376) 2023 жылдың 5 қаңтарында сағ 12:34- те қабылданып, өтініш түскен күні тіркеуге алынбай, 2023 жылдың 9 қаңтар күні тіркеліп, көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі сақталмаған.
Сонымен қатар, бөлімнің басшысы Е.Нуралин 2023 жылдың 22 маусым №144 өкімімен 2023 жылдың 27 маусым-27 шілде аралығында еңбек демалысына шығып, бөлім басшысының уақытша міндетін атқару бөлімнің сектор меңгерушісі Ә.Шаймардановқа жүктелген. Осы аралықта 2023 жылдың 3 шілдеде қабылданған «Жаңа Арна» ЖШС-ның Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы мелиоратитвтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғару арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (түлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру туралы өтініші басшысының орнын алмастырушымен жүзеге асырылмаған. Осыған ұқсас 16 өтініш фактісі анықталды.
Анықталған мемлекеттік қызмет бойынша 16 өтінішті зерделей келе, бөлімнің бас мамандарының ағайын-туыстары еместігі анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
электронды пошта: kizilkoga-jer@mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-15-18.
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
2.Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
|
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы жұмысшы топтың жетекшісі |
Е.Нуралин |
|
|
|
|
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі жұмысшы топтың мүшесі |
Ә.Шаймарданов
|
|
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы жұмысшы топтың мүшесі |
Қ.Айыпқалиев |
|
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы жұмысшы топтың мүшесі |
Ж.Махметова |