Хабарлама
- 2023 жылғы 2 қазанда Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Қызылқоға ауданының әкімі болуға «АMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы Қызылқоға аудандық филиалымен ұсынылған кандидат Азмуханов Қанат Кадыржановичтен құжаттар келіп түсті.
- 2023 жылғы 2 қазанда Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Қызылқоға ауданының әкімі болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат Жексенов Магжан Абызовичтен құжаттар келіп түсті.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау жүргізілуде.