Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Жемқорлық-яғни бұл сатып алу деген мағынаны білдіреді. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді. Осы елімізде елең алып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың міндеті. Елдің болашағы-жас ұрпақтың қолында. - Демек, осы ұранымызды ұстансақ жемқорлыққа қарсы тұра аламыз. Сонымен қатар қоғамға өзінің залалын келтірген азаматтарды қатаң жазаға тарту керек. Олардың бұл жасаған істерін қазіргі жастарымыз қайталамайтындай етіп,оларға сабақ беру қажет деп ойлаймын.