Әкімдікке бармай, үйден шықпай-ақ еліміздің кез келген өңіріне жер теліміне өтінім беруге болады.
Қазақстан Республикасында енді тұрғын үй салу үшін 10 сотық (1000 шаршы метр) жер алу үшін кезекке egov.kz-Электрондық үкімет порталы арқылы жер кезегіне тұруға болады. Енді кәмелет жасына толған әрбір Қазақстан азаматы үйден шықпай-ақ, 10 сотық (1000 шаршы метр) жерге egov.kz-Электрондық үкімет порталы арқылы өтінім бере алады, оның алға жылжу кезеңін өз бетінше кез келген уақытта бақылай алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде;
Қызметті пайдалану үшін не істеу керек: eGov.kz порталына кіріп, алдымен ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Кезекке қою қызметінде қажетті аймақты таңдап, бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алмағандығыңыз туралы белгіні қойып қызметке ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы қол қою арқылы қызметті аяқтаймыз.
ҚР Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.
Қосымша сұрақтарр үшін
Сағыз ауылы Ә.Әшіров көшесі №1 үй мекен-жайы бойынша немесе 8 (71238) 71-147 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
Дайындаған: Бас маман Б.Қияқбай.