Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі                             сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«15 » қыркүйек 2023 жыл                                                                                 Миялы ауылы

 

І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының               2023 жылғы 31 тамыздағы №84 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

 Сапиев Ержан Жолдасұлы - жұмыс тобының басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі;

Сабекенова Гүлназым Жұмахметқызы - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

Амантай Ризабек Амантайұлы-жұмыс тобының мүшесі, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі;

А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының  төрағасы, сарапшы

А.Қаленов- мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімнің басшысы (еңбек демалысында)

 4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2023 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша.

5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,     нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Бөлім бойынша мемлекеттік мекемелердегі мүліктерді есептен шығару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Бірақ атауында «дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан» деп көрсетілген. Негізінен есептен шығарылып отырылған моральдық тозуынан жарамсыз мүліктер. Сондықтан атауын өзгертуге ұсыныс етеді.

         2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

1)Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 6 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 4 бас маман) мен 3 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу, хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы   9 қызметкер жұмыс істейді.

2023 жылдың 9 тамызында №9 бұйрығымен бас маман Ә.Қаленова өз еркімен жұмыстан босатылды.

2023 жылдың есепті мерзімінде қорытындысы бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:   барлығы   –87 бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123821842) жұмыс жасайды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде                           45 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді, оның ішінде 3 келісім шарт тікелей отырылды.

Коммуналдық меншікті басқару:

 Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру,  тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz  сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz  сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

2023 жылдың есепті мерзімінде 1 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, аулдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметік қолдау  шараларын көрсету" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тағайындалды.

 

№

р/с

ТӘУЕКЕЛ

ҰСЫНЫМДАР

1

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы            № 721 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

Негізінен есептен шығарылып отырылған бюджеттік мекемелердегі физикалық, моральдық тозуынан жарамсыз болған мүліктер. Сондықтан атауын өзгертуге ұсыныс етеді.

2

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрықтың 4 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген.

Сұранысқа ие мамандардың тізбесін тиісті әкім аппараты, мекемелер уәкілетті органға ұсынады. Мысалы: орта мектептен 1 математика пәнінің мұғалімі қажет деп сұраныс беріледі. Осы мектепте бұрыннан жасайтын математика пәнінің мұғалімі өтініш береді. Бұл жағдайда қандай шешім қабылдаймыз?Заңдылыққа нақты тізбенің жолын көрсету;

 

3

Қағиданың 4 тармақ, 2 тармақшасында: «Тұрғын үй сатып алуға бюджет түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды»,-деп көрсетілген.

Қағиданың 4 тармақ, 2 тармақшасында көрсетілген ақпаратты тексеру үшін «Cabinttmio.otbasybank.kz»  тиісті ақпараттарды  қарастыру мүмкіндігін беру;

4

Қағиданың 6 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген. Ал 6 тармақта  сұранысқа ие мамандардың тізбесінде қызмет алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі делінген. 

Егер қызмет алушының мамандығы бекітілген тізбеде болмаса, онда бас тарту негіз көрсетілмеген.

Қағиданың 1 қосымшасының 9 тармағында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеріне толықтырулар енгізу;

 

4

Қағиданың 1 қосымшасының 9 тармағы 2 ,3 тармақшаларында  заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту деп көрсетілген.

Қағиданың 6 тармағы бойынша көрсетілген құжаттарында «соттылығы туралы анықтама» көрсетілмеген. Сондықтан бұл бас тартуға негізсіз немесе тапсыратын құжаттардың тізбесін кеңейтуге;

 

 

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

 

 

Сапиев Ержан Жолдасұлы- жұмысшы тобының басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі;

Сабекенова Гүлназым Жұмахметқызы-  бөлімнің бас маманы;

А.Әнуарбеков - «АДА-Байдар» қоғамдық қорының  төрағасы, сарапшы

Р.Амантайұлы- аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі;

 

 

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
25 сентября 2023