САҒЫЗ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

САҒЫЗ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

 

Әрдайым, халықтың мұң-мұқтаж, ұсыныс-пікірлерін тыңдау басты парыз. Бұл ретте, Сағыз ауылдық округіне ат басын бұрып, ауыл тұрғындарымен атқарылып жатқан жұмыстарды талқыладық. Әрине, аталмыш округте жасалып жатқан көп. Ендеше, соған тоқтала кеткен артық болмас.

 

Ауыз су мәселесі

Сағыз ауылының халқына ауыз су жеткізу сапасын жақсарту мақсатында «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту» жобасы дайындалып, су айдау стансасы, 2 дана 1200 м3 резервуар, 1 дана 50 м3 су мұнарасы, су желісінің ұзындығы-4600 м, 1583 м электр желісі, 1 дана КТП-160/10/0, 4 трансформатор орнату көзделген. Құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, 2024 жылы аяқталу жоспарда бар. Мердігер - “Нұрай строй” мекемесі.

 

Ауылішілік автокөлік құрылысы

Сағыз ауылының кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту бойынша биыл үш жоба жүзеге асырылуда.

1-жоба

9 көшеге 6,807 шақырым тас жол, 5 көшеге 2,554 метр жаяу жүргенші жолы жоспарланған. Құрылыс жұмыстары қабылданды. Мердігер мекеме - «ГСК РиМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2 - жоба.

3-ші ауылдағы кірме және ауылішілік жолдардың құрылысын “Айдана и К” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасау қажет болды. Қазіргі уақытта мердігермен жұмысты уақытылы жүргізбегені және толық аяқтамауына байланысты келісім шарт бұзылды. Қалған жұмыстарды жалғастыру үшін ашық электронды конкурс ұйымдастырылып, мердігер анықталады. Жобада 15 көшеге 6,8 шақырым тас жол, 10 көшеге 3,882 метр жаяу жүргінші жолы жоспарланған.

3 - жоба:

Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын биыл «Атырау-Көлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастайды. Жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобада: 11 көшеге 8,2 шақырым тас жол мен жаяу жүргенші жолы төселіп, 10 көшеге жарықтандыру және Ноғайты өзеніне көпір салынады.

 

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

Сағыз ауылынан көше жарық шамдарының (жаяу жүргіншілер жолымен бірге) құрылысы жүргізілуде. Мердігер “Гемакасес” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазан айында аяқталады.

1-ші және 2-ші ауылдың электр жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме «ТеплоЭнергоСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2024 жылы толық аяқталады.

Сағыз ауылының 12 көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады. Аталған жобаға Ә.Бисенов, А.Керейұлы, З.Сағындықұлы, А.Досымбаев, С.Бейішов, Ж.Оразымбетов, Б.Пұсырманов, З.Маханов, А.Омаров, Д.Абатов, Қ.Оразов, Т.Декеев, Ә.Нәбиева көшелері және 3-ші ауылдың кіре беріс жолы кіреді.

Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда, жер телімдерін беру жұмыстары жүруде.

 

Қоқыс алаңдары үш жобаға бөлінеді.

1-жоба:

Тұрмыстық қатты қалдықтар алаңын қоршау және сұрыптау кешенін орнату бойынша Солтүстік-Батыс бөлігінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды қоршау жұмыстары аяқталды. Мердігер:«Гранд Мастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2-жоба:

Қоршаудың ішіндегі ангардың іргетасы қаланды. Қазіргі уақытта ангардың бөлшектері жеткізіліп құрастырылуда. Аталған жұмыстар қазан айында аяқталады. Мердігер «Нур-ТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3-жоба:

Аталған ангардың жабындысы аяқталысымен тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау желісінің құралдары орналастырылады. Аталған жұмыс та қазан айында жүргізіледі. Мердігер жеке кәсіпкер «Абдухатов Ердос Абдухатұлы»

 

Қоқыстарға арналған контейнер алаңдарын жасау

Ауылда барлығы 40 контейнер алаңын орнату жоспарланған (әр алаң 8 контейнерге арналған). Қазіргі уақытта 28 алаңның жұмысы аяқталды. Қалған жұмыстар қазан айында аяқталады. Аталған жұмыстар жеке кәсіпкер «Есқали Қайырғали» мен «А.Б.Өтегеновамен» жүргізілуде. Сонымен бірге 76 дана темір контейнер осы жылы сатып алынады. Мердігер «Elite Tender Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Буландыру алаңын салу

Кәріз суын төгу үшін буландыру алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы биылғы желтоқсан айында аяқталады. Құрылысы 2024 жылы басталады.

 

Мектеп мәселесі

Сағыз ауылынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектеп 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады.

№9 орта мектеп жанындағы бастауыш мектепке жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс қазан айында аяқталады. Мердігер: «ГЕОЛОГ КУРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Өнер мектебі

1970 жылы пайдалануға берілген А.Өміров атындағы өнер мектебі 60 балаға шақталған. Алайда қазіргі таңда мұнда 250 бала оқиды. Сондықтан, биыл өнер мектебі жаңа және заман талабына сай ғимаратқа көшеді.

 

Жастар орталығы

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, олардың бас қосатын орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін жастар игілігіне жаңа ғимарат беріледі.

 

Спорт кешені

Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт кешеніне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат жасақталуда. 2024 жылы жөндеу жұмыстары басталады.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап спорт кешені салынуда. Алайда мердігер мекеме («SCS Инжиниринг» ЖШС) құрылыс жұмыстарын баяу жасап, мезгілінен кешіктіріп отыр. Соған сәйкес, тұрғындармен ақылдаса отырып мердігер мекеме арасындағы келісім-шартты бұзамыз. Қалған жұмыстарды жасау үшін ашық конкурс жарияланады.

 

Бөгет мәселесі

Сағыз өзенінің арнасын тазалау мен бұрынғы лимандық бөгеттерге жөндеу мәселесі бойынша Сағыз өзеніне техникалық экономикалық зерттеулер жүргізіліп, шығарылған қорытынды негізінде арналарды тазалау, қажеттілігіне қарай бөгет, көпір немесе шлюз салу жұмыстары жүргізіледі. Облыстық табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты қорғау басқармасы арқылы жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігіне техникалық экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде қосымша ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, Ноғайты өзенінің жағасын бекіту үшін жобалық-сметалық құжат жасақтауға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.

 

Полиция пунктін салу

Жыл аяғына дейін Сағыз полиция бөлімшесін жаңа ғимаратқа көшіру жоспарда тұр.

 

Тұрғын үй мәселесі

Өткен жылы ауылға 3 пәтер сатып алынса, биыл 12 пәтер сатып алу жоспарланды. Пәтерлер кезекте тұрған тұрғындарға беріледі.

 

Құм басу қаупінің алдын алу

Қарабау, Сағыз, Қаракөл, Жасқайрат және Бүйрек ауылдарында құм тоқтату жұмыстарын жүргізу үшін мердігер «Сала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалық-сметалық жоба жасақталып, қараша айында аяқталады. Аталған жұмыстар 2024 жылы басталатын болады. Тапсырыс беруші: Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

 

Бейне бақылау камераларын орнату

Сағыз ауылының көшелеріне 50 бейне бақылау камераларын орнату үшін биыл (30 көшеге) қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін қондырылады.

 

Емхана мәселесі

Сағыз ауылында тәуліктік емханаға жапсаржай салу үшін жобалық-сметалық құжат жасалуда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланып тұр.

Әкімшілік ғимарат

Әкімшілік ғимарат салуға құрылыс жұмыстары қазан айында басталып, 2024 жылы аяқталуы жоспарланған.

 

Автокөлік мәселесі

Сағыз ауылдық округіне жаңа жедел жәрдем көлігі жылдың аяғына дейін беріледі. Конкурс жарияланды.

Сағыз ауылдық округінің мектебіне автобус алуға конкурс жарияланды. Жыл аяғына дейін алынады.

 

Техникалық көліктер сатып алу

Аудан бойынша 15 арнайы техника сатып алу мақсатында конкурс жарияланды. Оның үшеуі яғни вакуум, камаз-самосвал, экскаваторлы трактор техникалық көліктері Сағыз ауылына беріледі.

Сонымен қатар, Сағыз ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында округке қарасты Кенбай елді мекенінде болып, олармен кездесіп мәселелерін тыңдадым.

 

Инженерлік инфрақұрылым

Кенбайда газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде, жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарда тұр.

 

Ауыз су құбырын жүргізу

Кенбай елді мекеніне ауыз су құбырының құрылысы жүргізілуде. Мердігер "Шебер-Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады. Қазіргі кезде 2 дана су ұңғымасы, 4 километр және электр желісі жүргізілді. Су тазартатын кешенді блок модулі орнатылды.

 

Бастауыш мектеп мәселесі

Биыл жабылған Т.Жанұзақов атындағы бастауыш мектептің орнына мәдени ошағын ашу мәселесін тұрғындармен талқылап, бекіттік.

Аталған мәселелерден өзге ауыл тұрғындары, ойын алаңы, газ мәселесі, мал жайылымын бекіту, ауыз су, жұмыспен қамту, бөгет салу, ит ату мәселелерін көтерді. Одан өзге, ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдап, заң шеңберінде жауап бердім.

САҒЫЗ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Дата публикации
21 сентября 2023