ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАНГЕЛДИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАНГЕЛДИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Жангелдин ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, атқарылған игілікті істерді тілге тиек етіп, алдағы жоспармен бөлістім.

Мәдениет үйі

300 орындық мәдениет үйінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама 2023 жылдың аяғына дейін басталады. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Спорт кешені

Спорт кешенін салуға ЖСҚ дайындалуда, құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.

Спорт кешеніне қосымша спорт алаңын салу 2023 лылдың тамыз айында басталады. Мердігер мекеме «MBM CONSTRUCTION» ЖШС-гі

Саябақ

Д.Асанғалиев көшесіндегі саябаққа жөндеу жұмыстары тамыз айында басталып, жыл аяғына дейін аяқталады. Жеке кәсіпкер Кішкенебаева М. жұмыстарды жүргізуде.

Осы тектес, Қ.Өтемұратов көшесіндегі саябақты «Фати-Нұр» жеке кәсіпкері жүргізіп, 2023 жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланды.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

Жангелдин ауылының кірме жолының қалған 920 метр бөлігін жарықтандыру жұмыстары қыркүйек айының басында басталады. Мердігер мекеме "Invent Team" ЖШС.

Ауылдың 9 көшесіне 92 дана LED прожекторлар 2023 жылы орнатылды. Лұқпанов, Асанғалиев, Көпбаев, Қоспаев, Тұрышев көшелері және ауыл сыртындағы қоқыс алаңы мен ауылдың кірме жолына 7 дана камера орнату үшін жеке кәсіпкер Ж.Халбаевпен келісімшарт жасалуда.

Ауылдың 4 көшесіне қоқыс контейнерлеріне арналған 10 қоршау 2023 жылы орнатылып, 9 көшеге 70 контейнер және 15 урна қойылды. Қосымша 10 дана контейнер алаңын салу жұмыстарын «Тазалық» мекемесі, 2023 жылдың тамыз айында басталды.

Ауылішілік автокөлік құрылысы

Жангелдин ауылынан 8,3 шақырым ауылішілік автокөлік жолының құрылысы бойынша ЖСҚ жасақталуда. Жол құрылысы жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы ауылды 100% тасжолмен қамту жоспарда тұр.

Тұрғын үй

Кезекте тұрған тұрғындарды тұрғын үймен қамту үшін өткен жылы 2 пәтерлі 4 тұрғын үй сатып алынса, биылғы жылы да 2 пәтерлі 4 тұрғын үй сатып алу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАНГЕЛДИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Дата публикации
16 августа 2023