ҚЫЗЫЛҚОҒА АДУАНЫ ӘКІМІ КӨЗДІҒАРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ауданға қарасты ауылдық округтерде болып, ауыл халқымен кездесу, олардың проблемалық мәселелерін шешу жұмыстары жүруде. Сол реттілікке сәйкес, Көздіқаралық ағайынмен дидарласып, жоспарланған жұмыстарды талқыладық.
Әкімшілік ғимаратты бұзу
Ескі әкімшілік ғимаратын бұзып, орнын тазалау жұмыстары жыл аяғына дейін орындалады.
Саябақ
Жастар саябағына күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжаттама жасақталды.
Спорт кешені
Спорт кешені құрылысы 2023 жылдың тамыз айында басталып, 2024 жылы аяқтау жоспарланған. Мердігер «HCK MBNConstraction» ЖШС
Балабақша
100 орындық балабақша салу үшін 2024 жылы ЖСҚ жасақталып, сол жылдың аяғына қарай құрылыс жұмыстарын бастауға конкурс жариялау жоспарланды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
Қоныстану ауылына арнайы өрт сөндіру модулі сатып алынды. Жылжымалы құрылғыда 5 тн тіркеме, 60 м шлангасы, суды соруға және өртті сөндіруге арналған 2 насосы бар.
Ауылішілік автокөлік құрылысы
Қоныстану ауылында 8,0 шақырым ауылішік автокөлік жолының құрылысына ЖСҚ жасақталуда. Жол құрылысы 2024 жылы басталады. Жоба аяқталғаннан кейін Қоныстану 100% тасжолмен қамтылады.
Кезауыз бөгеті
Ойыл өзені бойындағы Кезауыз бөгетін жөндеу үшін алдымен аталған бөгетті иесіз деп тану үшін жұмыстар атқарылып,
Балансқа алғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Оған дейін шағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, құлаған бетон сынықтарын жинақтап тазалау жұмыстарын жүргізу.
Тұрғын үймен қамту
Кезегіндегі тұрғындар тұрғындарға үй беру мақсатында өткен жылы ауылға 2 пәтерлі 2 тұрғын үй сатып алынса, биылғы жылы 2 пәтерлі 1 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.
Жедел жәрдем көлігі
Биылғы жылдың аяғына дейін Көздіғара ауылдық округінің дәрігерлік-амбулаториялық пунктке жаңа жедел жәрдем көлігін беру жоспарланып, бұл мәселе де кезек күттірмей шешімін табады.
Инженерлік инфрақұрылым құрылысы
Қоныстану ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы (су, газ желілері) толық аяқталды. Электр желісі бойынша жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылдың басында тұрғын үй салуға кезекте тұрған адамдарға жер телімі беріледі.
Жоғарыда аталған мәселелер жыл басындағы жиында ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде орындалды. Аталған мәселелерден басқа ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтарына берілетін жер және ауыз су, ақсақалдар кеңесіне бөлме беру, ауылдағы тәртіп мәселелері көтерілді. Одан өзге, ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдау жасадым.