ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Жамбыл ауылдық округі бойынша шешімін табуды қажет ететін проблемалық мәселелердің түйіні тарқатылды.

Спорт кешені

Қаракөл ауылынан спорт кешеніне жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылысы 2024 жылы басталады.

Ашық спорт алаңын салу үшін 2023 жылы ЖСҚ дайындалды. 2024 жылы салынады.

Саябақ

2024 жылы ЖСҚ жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Балабақша

100 орындық балабақша салу үшін 2024 жылы ЖСҚ дайындалады. 2025 жылы құрылысы жоспарланған.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

Қаракөл ауылының кірме жолын жарықтандыру (2,3 км) мақсатында конкурс жарияланды. Құрылыс 2023 жылы басталады.

Дәрігерлік амбулатория

Айдын елді мекеніндегі медициналық пунктінің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Ауылішілік автокөлік құрылысы

Қаракөл ауылынан 8,3 км шақырым ауылішік автокөлік жолының құрылысына ЖСҚ жасақталуда. Жол құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы ауыл 100% тасжолмен қамтылу жоспарда тұр.

Қаракөл округіне жаңа жедел жәрдем көлігі 2023 жылы беріледі. Конкурс жарияланды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу

Арнайы өрт сөндіру модулі сатып алынды. Жылжымалы құрылғыда 5 тн тіркеме, 60 м шлангасы, суды соруға және өртті сөндіруге арналған 2 насосы бар.

Бөгет жөндеу

Көктемгі тасқын уақытында су шайып кеткен Бекмырза бөгеті жөнделді. Асаубай бөгетін жөндеу жұмыстары ұйымдастырылуда.

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Дата публикации
03 августа 2023