ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылқоға ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді жергілікті жұртшылықпен бірге талқыладық. Сонымен қатар, қолға алынып жатырған жоспарлармен таныстырдым.
Мәдениет үйі
Жаңа 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылдың тамыз айында басталып, 2024 жылы айында аяқталады. Мердігер «Нуркапстройгаз» ЖШС.
Спорт кешені
2023 жылдың тамыз айында спорт кешені құрылысы басталып, 2024 жылдың аяқталады. Мердігер «НСК «МВМ CONSTRUCTION» ЖШС.
Спорт кешеніне қосымша ашық спорт алаңын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, аяқталады.
Бастауыш мектеп мәселесі
1979 жылы іргетасы қаланып, бүгінгі таңда апатты деп танылған Қарабау ауылындағы бастауыш мектеп жаңадан салынбақ. Қазір 120 орындық бастауыш мектеп салу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. 2024 жылы құрылыс жұмыстары бастау жоспарда тұр.
Жедел жәрдем көлігі
2023 жылы Қарабауға жаңа көлік беріледі. Конкурс жарияланды.
Инженерлік инфрақұрылыс құрылысы
Қарабау ауылына кіре беріс жолды жарықтандыру (1,1 км) бойынша жеңімпазды анықтау үшін конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында басталып, жыл аяғында аяқталады.
«Мұздыбұлақ-Қарабау» тоқ желісінің 4 шақырым электр желісін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Мердігер анықталғанан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Құрылысқа құлаған столбаларды, сымдарды, изоляторларды ауыстыру және босаған әуе желілерін тарту жұмыстары кіреді.
Ауылішілік автокөлік құрылысы
Қарабау ауылынан (6 шақырым) 9 көшесінде ауылішілік автокөлік жолының құрылысы бойынша ЖСҚ жасақталуда. Жол құрылысы жұмыстары 2024 жылы басталады. Нәтижесінде Қарабау 100% жолмен қамтылады.
2023 жылы Қарабау ауылындағы кіре-беріс көпірге қосымша шлюз салу жұмыстары ұйымдастырылуда.