ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Ойыл ауылдық округ тұрғындарының хал-ахуалына ден қойылып, өткен жылы өзекті деп таныған әлеуметтік мәселелері талқыланды.

Онда ауыл жастарының басты назар аудартқан сауалы, спорт кешені мәселесі. Спорт кешені құрылысы 2023 жылы басталды желтоқсан айында аяқталу жоспарда тұо. Мердігер «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС

Спорт алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Құрылыс жұмысы 2024 жылы басталады.

100 орындық балабақша салу

Жасқайрат ауылынан балабақша салу үшін ЖСҚ дайындалып, сараптамаға жолданды. Сараптаманың оң қорытындысы алынғанан кейін қажетті қаражатқа сұраныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.

Тұрғын үймен қамту

Өткен жылы ауылға 2 пәтерлі 1 тұрғын үй сатып алынса, биылғы жылы 2 пәтерлі 1 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.

Ауылішілік жол құрылысы

Жасқайрат ауылынан 8,4 км ауылішілік автомобиль жолдарына ЖСҚ дайындалуда. Құрылыс жұиыстарын 2024 жылв бастау жоспарланған.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

Жасқайрат ауылынан 102 жер телімін беру мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыс құрылысы жаргізілуде (электрмен, сумен, газбен жабдықтау). Қабылдап алу жұмыстары қазан айында жүргізіледі. Жұмыстар аяқталған соң тұрғындарға жер телімдерін беру жұмыстары жүргізіледі.

Аққора елді мекеніне, Жасқайрат ауылына 2022 жылы 51 прожектор орнатылды. Биылғы жылы 35 прожектор Ы.Шөреков, Х.Досмұхамедов, Ш.Еркінов көшелеріне жаңартылып орнатылады.

Сонымен қатар ауыл көшелеріне 5 бейне бақылау камерасы орнатылады. Мердігер «Uncom Group» ЖШС

Білім беру                                 

Ш.Еркінов атындағы орта мектепті модернизациядан өткізу жұмыстары аяқталды. Мектептің асханалары мен кітапханалары жаңартылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.

Ауыз сумен қамту

Аққора елді мекенін ауыз сумен қамту жұмысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады, келер жылда су беріледі. Мердігер «Теплоэнергострой» ЖШС

 

 

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Дата публикации
16 августа 2023