ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ТАСШАҒЫЛ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ТАСШАҒЫЛ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Апта басы округ тұрғындарымен кездесуден бастау алып, Тасшағыл ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуде ауыл халқына биылғы және келер жылдары жүзеге асырылатын жобаларды атап өттім.

Спорт кешені

2023 жылы Тасшағылда спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың басында тұрғындардың игілігіне беріледі.

Ал осы кешенге қосымша ашық спорт алаңын салу бойынша жобалық- сметалық құжаттама дайындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарланды.

Мәдениет үйі

2023 жылдың тамыз айында тұрғындардың көптен күткен 300 орындық мәдениет үйі тұрғындардың игілігіне беріледі.

Отбасылық дәрігерлік амбулатория

Тасшағыл ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға ЖСҚ дайындалуда. Қыркүйек айында сараптаманың қорытындысы алынады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.

Жедел жәрдем көлігі

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі санитарлық автокөлік. Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен ауданға 10 автокөлік сатып алу көзделіп отыр. Соның бірі, Тасшағыл ауылдық округіне фельдшерлік-акушерлік пунктке беру жоспарланып, бұл мәселе де кезек күттірмей шешімін табады.

Төтенше жағдайдың алдын алу

Ангар типтегі 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы салынады. Қазіргі кезде облыстық жұмылдыру басқармасы арқылы сатып алу процестері жүргізілуде.

Саябақ

2024 жылы саябақ салу үшін ЖСҚ жасалып, 2024 жылдың аяғында құрылысы жоспарланып отыр.

Қоғам, Қоныстану елді мекендеріне ойын алаңы 2024 жылы сатып алынып, орналастырылады.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

Тасшағыл ауылының кірме жолын жарықтандыру (3,9 км) бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, аяқталды. Қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада ауыл іргесі самаладай жарқырайды. Бұдан басқа Тасшағылда 6 көшеде жаңа үлгідегі ЛЭД прожекторлары орналасқан.

Ауылішік автокөлік құрылысы

Тасшағыл ауылынан 8,3 шақырым ауылішілік автокөлік жолының құрылысы бойынша ЖСҚ жасақталуда. Жол құрылысы жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы ауыл 100% тасжолмен қамтылу жоспарда тұр.

Ауыз сумен қамту

Ағымдағы жылда Қоғам және Қоныстану елді мекен тұрғындарына ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су құбыры тартылып, су мұнараларын қойылуда.

Биылғы жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Қоғам және Қоныстану елді мекендеріндегі «Қарасай», «Самалық» өткелдерін су шайып кетуіне байланысты Тасшағыл ауылына қатынасу үшін шағын көпір салу жұмыстары ұйымдастырылуда

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ТАСШАҒЫЛ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Дата публикации
03 августа 2023