ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ МҰҚЫР АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болуды мақсат тұтқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов Мұқыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Алдымен аудан басшысы халықты толғандыратын проблемалық мәселелер мен мерзімдерін бірігіп талқылау мақсатында жыл басындағы кездесуде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы бойынша қысқаша ақпарат бере кетті.
Нақтырақ айтар болсақ, өткен кездесуде жаз маусымында ауыл халқын тұрақты ауыз сумен қамту, ауылішілік жол құрылысы, кірме жолды жарықтандыру, мәдениет үйі құрылысы, спорт кешенін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғындарға қажетті электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында ескірген трансформаторлар мен бағаналарды ауыстыру мәселелері көтерілген болатын.
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын айтып, қойылған қосымша сұрақтарға жауап берген аудан басшысы тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.
Кездесуден кейін Қанат Қадыржанұлы округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.