ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІ ТАЙСОЙҒАН АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тайсойған ауылының тұрғындарымен кездесіп, жыл басында ауыл тұрғындарының өтініш-сауалдарынан туындаған жобалар негізінде атқарылған жұмыстар туралу талқыладық.
«Жол азабын тартқан білер» демекші, ауыл тұрғындарының басты мәселесі жол салу. Бұл ретте, «Миялы-Тайсойған» автокөлік жолын салу мақсатында 2023 жылдың шілде айында конурс өткізіліп мердігер «Ассана дор строй» ЖШС айқындалды. 2023 тамыз құрылысы басталып 2025 жылы аяқталу жоспарда тұр.
Тайсойған ауыл ішілік 3,3 шақырым жол салу үшін 2024 жылы ЖСҚ жасақталады. 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
Ағымдағы жылда округке өрт сөндіру модулі сатып алынды. Тамыз айында жеткізіледі. Жылжымалы құрылғыда 5 тн тіркеме, 60 м шлангасы, суды соруға және өртті сөндіруге арналған 2 насосы бар.
Инженерлік инфрақұрылым құрылысы
Тайсойған ауылының көшелерін жарықтандыру (4,9 км) құрылысы бойынша жұмыс 2023 жылдың тамыз айында басталып, жыл аяғына дейін аяқталады. Мердігер «Жайық-Сити» ЖШС.
«Қарабау-Тайсойған» аралығындағы тоқ көзіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларына жоспарланған. Жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын жөндеу жұмыстары Қарабау ауылы жағынан бастау алып, ағымдағы жылда 5 шақырымына жөндеу жүргізіледі. Күрделі жөндеу жұмыстарына құлаған бағаналарды, сымдарды, изоляторларды ауыстыру және босаған әуе желілерін тарту жұмыстары кірмек.
50 орындық балабақша салу
Тайсойған ауылында балабақша мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Бұл мәселені шешу үшін ЖСҚ жыл аяғына дейін аяқталады, құрылыс жұмыстарын 2024 жылы жүргізу жоспарлануда.
Аудандағы өзекті мәселелердің бірі санитарлық автокөлік.
Биылғы жылы аудандағы барлық 10 округке 1 жаңа автокөліктен сатып алу мақсатында конкурс жарияланды. Соның бірі, Тайсойған фельдшерлік-акушерлік пункітіне беріліп, бұл кезек күттірмей шешімін таппақ.
Мәдениет үйі
Тайсойған ауылына 200 орындық мәдениет үйін салу үшін 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда, ал 2024 жылы құрылыс жұмыстарын бастау көзделді.
Спорт кешені мен ашық спорт алаңын салу
Тайсойған ауылынан спорт кешенінің құрылысын салу мен спорт алаңының құрылысы үшін биыл ЖСҚ жасалуда, 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталмақ.
2023 жылы Ғ.Сланов көшесіндегі ойын алаңын жөндеу тамыз айында басталып, жыл аяғына дейін аяқталады. Жүргізілетін жөндеуде сыртқа қоршауды ауыстыру, жаңа құрал-жабдықтарды сатып алып, орнату жұмыстары жасалады. Мердігер «Ақтөбе Сервис» ЖШС.
Сонымен қатар, ауылдағы Ғ.Асанов көшесіндегі ойын алаңын жөндеуге жауапты жеке кәсіпкер «Бағдар» өз міндеттемелерін уақытылы орындамау себепті келісім шарт тамыз айында үзіледі және қайтадан конкурс жұмыстары ұйымдастырылады.
Ескі интернат ғимараты бұзылады