Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № XXXV-2 «Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылқоға аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Қызылқоға аудандық мәслихатының «Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3384 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:        

           көрсетілген шешімінің бекітілген қосымшаның 1, 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

  1. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға 5(бес) айлық есептік көрсеткішке тең.».
  2. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № XXXV-2 «Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
28 августа 2023