Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін
2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.2023 жылға туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде бекітілсін.
2.Қызылқоға аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 4 шілдедегі №5-2 «Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5064-06 санымен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |