Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама.

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік  бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  бойынша 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама.

           Қызылқоға аудандық жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы  №21 бұйрығымен негізінде,  жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

Аудандық бөлім қызметін Қызылқоға ауданы   әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №54 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады. «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік мекемесінде штат саны –  19 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы -1, бас мамандар – 3 адам, әлеуметтік қызметкерлер саны-3 адам, 1-мұрағатшы, 1-есепші, 1-статист, 1-хатшы, 8-техникалық қызметкерлер саны. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, лауазымнан төмендетілуі сияқты фактілер болған жоқ.

Аудан әкімінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №44-ө өкіміне сәйкес, бөлім басшысы Б.Салықовтың басқа жұмысқа ауысыуына байланысты жаңадан бөлім басшысы болып А.Ғазезова тағайындалып, басшылық етуде.

Бөлімнің лауазымдық тізбедегі бірлік саны 07-22-19-6-дағы  ауысу тәртібімен лауазымдық тізбедегі бірлік саны  07-22-19-2-ге 23 ақпан 2023 жылы бас маманы С.Жұбаева тағайындалды.

Бөлімнің статисі А.Утетлиеваның өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты, 3 ай сынақ мерзімімен статист лауазымына Д.Ахмет және бөлімнің күзетші К.Тоқтаровтың зейнеткерлікке шығуына байланысты, орнына ауысу жолымен М.Кемелбаев тағайындалды, бөлімнің жүргізушісі М.Кемелбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнына Д.Сапаров жұмысқа алынды.

Бөлімнің күзетші К.Тоқтаровтың зейнеткерлікке шығуына байланысты, орнына ауысу жолымен М.Кемелбаев тағайындалды.

Бөлімге  2 әлеуметтік қызметкер  Д.Серік пен А.Нығымет және бөлімнің тазалықшысы Н.Жолмағамбетованың  6 айға ақшасыз күн алуына байланысты орнына Б.Сарсенғалиевалар 3 айлық сынақ мерзімімен жұмысқа алынды.

Бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

3) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

5) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

6) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

7) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

8) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

9) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

10) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

11)  «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

12) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

 13) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

14) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

15) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

16) «Ақталған адамға куәлік беру»;

17) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

18) Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

19) Қайтыс болуды  тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

20) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

21) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды  тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

22) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру ;

23) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру;

24) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою;

25)Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;

         2023 жылдың 6 айындағы жағдай бойынша бөлімде жалпы саны – 4576 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның 164-і мемлекеттік орган арқылы, 870-і “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік  корпорациясы арқылы, 3540-ы  электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген.

2023 жылдың 27 наурызында «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті алушы Әлібек Гүлнұр Бейбітқызынан (ЖСН 020504650198) «Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу қызметін алу үшін  түскен өтініштің мерзімі 1 күнге кешіктірілді.

 Бөлімге  жеке  тұлғалардан 2023 жылдың  6 айы бойынша 16 өтініш келіп түсіп, олардың 3-не түсіндіріліп, 13-нің өтініші қанағаттандырылды. Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған,  2-12-29 сенім телефоны орнатылған.

         Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда. 2023 жылдың 8 маусымында аудандық «Қызылқоға» газетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Белсенділік танытуымыз қажет» атты мақала жарияланды.

          1 маусым 2023 жылы азаматтық хал актілері саласын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалына берілуіне байланысты бөлімнің азаматтық хал актілері саласының мұрағатшысына ескерту хаты берілді.

 Бөлімнің 2023 жылға облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, игерілді.

Оларға:  тұрғын үй көмегі үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек, мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу, мүгедектерді құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру, гигиеналық құралдар, техникалық көмекші құралдар тізбесі сияқты жұмыстар жатады.

Бірінші  жартыжылдыққа  қаралған қаржы толықтай игерілді.

                   Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Қызылқоға аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама.

Қызылқоға аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы  №21 бұйрығымен негізінде,  жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

Орталық Қызылқоға аудандық әкімдігінің 30 мамыр 2017 жылғы  №117   «Атырау облысы Қызылқоға ауданының жұмыспен қамту орталығының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады. Қызылқоға аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында  штат саны –  20 бірлікті құрайды. Атап айтқанда орталық  директоры -1,  директор орынбасары -1, мамандар – 6 адам, ассистенттер-10,  техникалық қызметкерлер саны  2 -адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, лауазымнан төмендетілуі сияқты фактілер болған жоқ.

Осы алты айда орталық бойынша  барлығы 82 бұйрық шығарылды.

Осы алты айда бала күтімінің орнына 06.04.2023 жылы №23 Р.Омарова  және 17.05.2023 жылғы №32 бұйрықтармен Г.Бұлжан екі ассистент және 17.05.2023 жылғы №33 бұйрықпен Ә.Исатайқызы уақытша жұмысқа қабылданды.

Орталықта келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

2) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

3) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

       Орталыққа   жеке  тұлғалардан 2023 жылдың  6 айы бойынша тікелей түскен өтініштер болған жоқ.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған,  2-12-29 сенім телефоны орнатылған.

         Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың бөліммен бекітілген медиа-жоспары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

         Орталық қызметкерлеріне 01 маусым 2023 жылдан бастап «Еңбек Кодексінің» 53 бабының 1тармағына сай жұмыстан босату туралы ескертпе хаттар берілді.

Жұмыспен қамту орталығы 2023 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыспен қамту шарасына жұмсалады. Оларға қайтарымсыз грант, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны, күміс жас, бірінші жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар жатады.

Бірінші  жартыжылдыққа  қаралған қаржы толықтай игерілді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Қызылқоға  аудандық «Жартылай күндізгі стацирнарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама.

Қызылқоға  аудандық «Жартылай күндізгі стацирнарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы  №21 бұйрығымен негізінде,  жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

Миялы, Сағыз ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                            26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты және «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы №94 қаулысымен, аудандық әділет басқармасына 2017 жылдың 24 мамыр күні № 181-1915-06 нөмерімен тіркелген «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекемесінде штат саны –  26 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлімше директоры-1, есепші-1, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман-2,   әдіскер-1, психолог-1, дефектолог-1, логопед-1, мейірбике және сылап –сипау маманы-1, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (ЕДШ)-2, тәрбиеші-3, кадр-1, шаруашылық меңгеруші-1, сантехник-1, электрик-1, тазалықшы-3, күзетші-3, автокөлік жүргізуші-2 жұмыс жасайды. Штат бойынша 25,5 штат бірлігі бар, барлығы  26 адам.

Қызметкерлер саны  15 -адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, лауазымнан төмендетілуі сияқты фактілер болған жоқ.

Тәрбиеші - А.Әнуарова, дефектолог-логопед - Ж.Оразаева, медбике және сылып-сипау маманы Н.Қонысбай декреттік демалысқа шығуына байланысты орынына уақытша мамандар алынды.                                                            Миялы ауылы бойынша емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (ЛФК) маманына А.Қожанова жұмысқа алынды.

Осы алты айда бөлімше бойынша  барлығы 54 бұйрық шығарылды.

Бөлімшеде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

Миялы, Сағыз ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                            26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әллеуметтік қызметтер көрсету стандартының 5-қосымшасына сай 8 бағыт (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық) бойынша психолог, дефектолог, логопед, тәрбиеші, мейірбике және сылып-сипау маман, емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушысы бөлімшеден қызмет алатын психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балалардың сырқатын, жәй-күйінің ауырлығын, жасын, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, медициналық,  моральдық психологиялық жағдайын жасауға, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізу арқылы жан-жақты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Жыл басында Миялы, Сағыз ауылы бойынша бөлімшеден қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі  29  бала болды, соның ішінде Сағызда- 9, Мұқырда - 3, Миялыда - 10, Жангелдинде - 2, Жасқайратта - 3,                Көздіғарада - 1, Тасшағылда - 1 бала. Сағыз ауылынан - 3 бала, Мұқыр-1 бала, Миялы ауылынан 3 мүмкіндігі шетеулі балалардың бөлімшеден әлеуметтік қызмет көрсетуі тоқтатылып барлығы 7 мүгедектігі бар бала есептен шығарылды. Барлығы 24 бала бөлімшеден қызмет алуда.

         Бөлімшеге  жеке  тұлғалардан 2023 жылдың  6 айы бойынша түскен өтініштер болған жоқ.

            Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама.
Дата публикации
21 июля 2023