«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың міндеті!»
Сыбайлас жемқорлық-бұл әлеуметтік қасірет. Ол саяси, экономикалық даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі кез-келген елдің қай-қайсысында алаңдатып отырғаны анық. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Аталған тақырыпты таңдау себебім, жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз.
«Сыбайлас жемқорлықтың себебімен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл- жел диірменімен алысу. Халық әлдебір шенеуліктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуліктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр»-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан, ел болып, барша халық болып айналамызда болып жатырған келеңсіздіктерге бей-жәй қарамай, бірлесіп күресуіміз керек. Халқымыздың телміріп тапқан теңгеден, тер төгіп тапқан тиын жұғымды деген даналық сөзі бекер айтылмаса керекті.
Қорытындылай келсек, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отырғандығын атап өткім келеді.
Ел игілігі жолында өз әріптестеріме қажырлы еңбек, толағай табыс бақ береке тілеймін!
Сарбаева Жанаргуль Жаңбырбекқызы
Мұқыр ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы