Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

БЕКІТЕМІН:

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы_________Д.Нығметов «___»_______________ 2023жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

анықтама

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы               16 қаңтардағы №21 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2023 жылдың 22маусымдағы№163бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

-Өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29маусымдағы №350-VIҚазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

- есепті кезеңдебөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеружұмыстары жүргізілмеді.

-есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында  аудандық «Қызылқоға» қоғамдық-саяси газетіне және Қызылқоға ауданы әкімдігінің веб сайтынамақалалар берілді.

- есепті кезеңде заңды тұлғалардан 1 арыз, 1 хабарлама, 3 сұрау салу және жеке тұлғалардан 2 арыз, 1  ұсыныс келіп түсті. Оның ішіндезаңды тұлғаның 1 арызы, 2сұрау салу қанағаттандырылып, 1 сұрау салу түсіндірілді, 1 хабарлама қаперге алынды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың 2 арыз қанағаттандырылып, 1 ұсынысына жазбаша түсінік берілді.Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр.

- есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілеріжәне сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

-Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысыбөлімінің штаттық құрылымы6 мемлекеттік, 2 техникалық қызметшілерден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік,бөлімнің бас маманы4 бірлік, бас маман есепші1 бірлік, хатшы 1 бірлік, автокөлік жүргізушісі 1 бірлік.Қазіргі таңда бас маман есепші бірлігі вакант.

Есепті кезеңде, 2023 жылдың қаңтар-маусымайлары аралығында мемлекеттік, техникалық қызметкерлержұмысқа орналасу, жұмыстан шығу жағдайы орын алмады.

Бөлімде 2023 жылдың 6айында173 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымдытұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жариялануда. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашықөткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталындабарлығы 88 конкурс жарияланды. Конкурстардыкамералық бақылау нәтижесінде барлығы 28 ескерту беріліп,23 конкурстың құжаттамаларына өзгеріс енгізіліп, 5 конкурс тоқтатылды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.

Бөлім арқылы төртмемлекеттік қызмет көрсетіледі( 1) Обьектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 19 қызмет;2) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 75 қызмет;3) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну – 48 қызмет;4) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 156 қызмет).Есепті кезеңде барлығы298 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет көрсету нәтижелері бойынша,«ИИС  ЦОН» жүйесі арқылы қызметті алушы Нурадина Куралай Шоханована (890719401969) 28.04.2023 жылы, Кенжегалиева Кансулу (580607401043) 03.05.2023 жылы, Рыскалиев Талғат Батыргалиевич  (890906302362) 03.05.2023жылы, Каламбаев Сакен  Саматович (861211302514) 08.06.2023 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметін алу үшін өтініш түскен. Алайда, осы қызметтер 1-3 күн мерзім бұзылуымен орындалғаны анықталып, аудан әкіміаппаратының басшысы А.Жанқуатовтың 30.06.2023 жылғы №06-06-01-04/1536 хатымен берілген тапсырмасына орай бөлімнің бас маманы С.Бағытжановқа ескерту түріндегі шара қолданылды.

Мемлекеттік қызметтер қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.

         Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

         Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының жетекшісі___________

А.Б.Бейбітов

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,  жұмыс тобының мүшесі___________ Н.А.Тасболатов

«____»____________  2023 жыл              «____»  ______________ 2023жыл           

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі___________ С.Б.Бағытжанов

 

«_____»______________  2023 жыл           

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама
Дата публикации
04 июля 2023