ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Жанқутовтың 27.03.2023 жылы бекіткен кестесі шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде «Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ЖТІТ) жүргізілетін болады.
Бөлімнің қызметіндегі ЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жұмыс тобы:
1) ЖТІТ 2023 жылғы 01 маусымнан 30 маусымға дейінгі мерзімде жүргізілетін болады.
2) 2023 жылғы 4 шілдеде арналған талдамалық анықтаманы келісуді және оған қол қоюды қамтамасыз ету;
3) 2023 жылғы 5 шілдеде «Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ніңбасшысының қарауына талдамалық анықтама ұсыну.