Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Құрылыс сапасына және оның ашықтығына бақылауды күшейту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, бүгінгі күні Бірыңғай цифрлық ортада құрылыстың барлық қатысушыларын шоғырландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай құрылыс порталы («Е-Құрылыс») әзірленді және енгізілуде. Жүйеде жұмыс істеу қағидаты жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс сараптама порталынан автоматты түрде түсіруді және барлық құрылыс құжаттамасын цифрлық түрде (актілер, журналдар, нұсқамалар) ресімдеуді білдіреді. Жүйедегі жұмыс жобадан ауытқумен немесе асыра бағалаумен көлемді қабылдау немесе орындалмаған жұмыс көлемін қабылдау мүмкін болмайтындай етіп құрылған.
Техникалық қадағалаушылар ЭЦҚ арқылы құрылыс барысы туралы мәліметтерді және фотоматериалдарды тіркей отырып, ай сайын есеп береді. Бұл салынып жатқан объектілерге камералдық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
«Е-Құрылыс» жүйесін енгізу әрбір объект бойынша 100% орталықтандырады және онлайн режимде ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, құрылыс объектілерінде жергілікті қамту үлесінің қолданылуына бақылау жүргізеді және объектіні ақпараттық жүйеде пайдалануға бергенге дейін барлық технологиялық процестерді тіркейді.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс нысанының журналдары, жасырын жұмыс актілері, бақылау қызметтерінің нұсқамалары қағаз жүзінде рәсімделеді, осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Олардың өзара іс-қимылы мен барлық процестерді белгілеуде ашықтықтың болмауы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап қана қоймай, сапасыз объектіні қабылдау қаупін тудырады. Осыған байланысты, Министрлік құрылыс процестерін цифрландыру және автоматтандыру мәселесін заңнамалық деңгейде пысықтады. Қазірдің өзінде «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді, онда барлық атқарушылық құжаттама, яғни құрылыстағы әрбір іс-қимылды тіркеу, сондай-ақ құрылысқа қатысушылар мен бақылаушы органдардың электрондық форматтағы өзара іс-қимылы жүргізілетін болады. Құрылыс кезіндегі барлық іс-қимылдар жүйеде тіркелетін болады, қатысушылар фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып куәландырады.
Осылайша, жобадан ауытқумен (асыра бағалаумен) көлемді қабылдау немесе орындалмаған жұмыс көлемін қабылдау мүмкін болмайды. Бұл ретте жүйеде орындалған жұмыстардың актілері адам факторының қатысуынсыз автоматты түрде есептелетін және қалыптастырылатын болады. Бұл электрондық журналдардың, жасалған және тіркелген (куәландырылған) жасырын жұмыстардың және цифрлық форматқа көшірілген жүктелген сметалық құжаттаманың деректері негізінде орындалатын болады. «Е-Құрылыс» енгізу жұмыстың ашықтығын және сапасын арттыруды қамтамасыз етеді және макулатураға, басып шығаруға, жеткізуге және атқарушылық құжаттаманы жүргізуге ысырап болмайды.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Нығметов