Адалдық – ардың ісі

Адалдық – ардың ісі

 

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық бір жағынан – азаматтық қоғамның құбылысына айналса, екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне төнген қауіптің бірі және еліміздің экономикалық жағдайына теріс ықпал ететін фактор.

 Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделік таныта отырып қатысуы керек.Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», деп көрсетілген.  Сондықтан балалық шақтан  бастап  Отанға деген сүйіспеншілікті,айналадағыларға және дәстүрлерге деген құрметті,білім мен еңбекке деген ұмтылысты,парасаттылық пен адалдықты дарыту қажет.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болсаңыз «1424» Call орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

 

Б.ҚИЯҚБАЙ, Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

 

Адалдық – ардың ісі
Дата публикации
12 июня 2023