Жерге орналастыру қызметі қалай көрсетіледі?

 

Жерге орналастыру қызметі қалай көрсетіледі?

 

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызметін алудың қадамдық нұсқаулығы «Электрондық Үкімет» порталы (www. egov.kz) көмегімен жүргізіледі. Бұл ретте, электрондық цифрлы қолтаңбаны (ЭЦК) пайдалана отырып, www. egov.kz электрондық үкімет порталына кіру қажет. Ал ол болмаған жағдайда ЭЦҚ-ны қашықтан алып, басты/Бизнес/сервистер қойындылары бойынша өту қажет. Яғни, «Электрондық үкімет порталының басты бетінде «бизнеске» қосымша бетіне кіріп, «Лицензиялау және аккредиттеу», одан әрі «рұқсат беру құжаттары» қосымша бетіне өту керек. «Жеручаскелерінқалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметін таңдаймыз деген қадамды басып, қызмет бетінің жоғарғы сол жақ бұрышында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдалануы тиіс. Одан әрі қажет бөлімнің лицензиясын таңдап, өтініш нысанын толтырып (жеке мәліметтер және жер учаскесінің деректері), сканерленген жерге орналастыру жобасын тіркеу қажет. Бұдан соң электрондықцифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен қол қойғаннан кейін электрондық өтінішберуаяқталады. Егеросықызметкебайланысты сұрақтартуындаған жағдайда Сағыз ауылы, Ә.Әшіров көшесі №1 үй мекенжайына немесе 8 (71238) 71-147 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Б.ҚИЯҚБАЙ, Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

Жерге орналастыру қызметі қалай көрсетіледі?
Дата публикации
12 июня 2023