БАРШАНЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалынның жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. Сондықтан, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылатынын және оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінген абзал.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтырының азаматтық борышы деп білу керек.
Қызылқоға ауданы әкімдігінің Халықты
жұмыспен қамту орталығының директоры: Н.Бекешов