«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

        Сыбайлас жемқорлық - қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

        Қоғамның қабылеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш жігері қажет.

        Қарапайым тілмен айтатын болсақ сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

       Округ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жою мақсатында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп, арнайы дайындалған видиороликтер көрсетіліп,  халық көп шоғырланатын жерлерге брошюралар  таратылып, баннерлер орналастырылуда.

 

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қалиева Расима Жұмабайқызы

 

 

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
Дата публикации
06 июня 2023