Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті!

Сыбайлас  жемқорлық қоғам дерті!

           

Сыбайлас  жемқорлық   әлеуметтік –экономикалық   даму   үдерісін, нарықтық  экономиканың  құрылуын, инвестициялар  тарту  процесін  тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық  институттарына  кері  әсерін  тигізеді, елдің   болашақ  дамуына  елеулі  қауіп  төндіреді. Қазақстанның  мемлекеттік  саясатының  негізгі  басымдықтарының  бірі  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  болып  табылады.

Сыбайлас  жемқорлық - бұл  қызмет  дәрежесін  жеке  мақсатта  пайдалану. Сыбайлас  жемқорлықты  білдіретін  белгілердің   бірі  пара  алу  не  беру  болып  табылады. Қазіргі  кезде  сыбайлас  жемқорлық  әлемнің  кез  келген  елінде  оның  саяси  дамуына, оның  ішінде  Қазақстанда  да, әлеуметтік  құбылыс  ретінде  өмірін  жалғастырып  келеді, ол  тек  ауқымдылығымен  ғана  ерекшеленеді.

Біздің  қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  орын  жоқ. Қоғамның  барлық  күш-жігерін  біріктіріп, осы  дерттің  одан  әрі  ушықпауы  үшін  оны  тоқтатудың  барлық  амалдарын  қолдану  арқылы  ғана  бұл  құбылысқа  тиімді  түрде  қарсы  тұруға  болады. Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендуші ел!

                           

                                                  

Қозбақов Төреш Орынбасарұлы

Тайсойған ауылдық округ әкімі

 

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті!
Дата публикации
05 июня 2023