Сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өміріндегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлықтық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы.
Бөлімде азаматтардан түскен арыз-шағымдар уақытылы тіркеліп, қаралып, жауаптары беріліп отырады.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың бастысы қызмет беруші мен қызмет алушының арасында байланыс болмау, ол үшін мемлекеттік қызметтерге өтініштерді «егов порталы», «корпорация» арқылы жолдап, мәліметтерін алып отыру. Бөлімде «Е-собес», «ИРС», «АХАЖ тіркеу пункті», «Е-өтініш» базаларымен жұмыс жасаймыз.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімінің бас маманы С.Жұбаева