Қызылқоға ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы "Қызылқоға аудандық мәслихатының шешімі жобасына»
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеуді жүргізу бойынша жұмыстарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары, экология министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесі, 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген.
Тарифті есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, ол калькуляция баптары бойынша топтастырылған ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және нормативтік шығындарын көрсетеді.
Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны жиналған және әкеткен ҚТҚ көлеміне бөлінген ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнға сұрыпталған ҚТҚ көлеміне бөлінген ҚТҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды және көмілген ҚТҚ көлеміне бөлінген ҚТҚ көму бойынша толық өзіндік құнды қосу арқылы айқындалады.
ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындар жұмысының негізгі көрсеткіштері осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген.
ҚТҚ жинаудың, тасымалдаудың, сұрыптаудың және көмудің толық өзіндік құнын есептеуге арналған кестенің нысаны осы Әдістемеге 2-қосымшада берілген.
ҚҚ жинау және тасымал. = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ жинау және тасымал. – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер.– пайданың жол берілетін деңгейі.
ҚҚ сұрып. = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ сұрып. – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер. – пайданың жол берілетін деңгейі.
ҚҚ көму = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ көму – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер. – пайданың жол берілетін деңгейі.
ҚҚ жалпы = ҚҚ жинау және тасымал. + ҚҚ сұрып. + ҚҚ көму,
Бір немесе бірнеше қызмет болмаған жағдайда, 0 - мәні пайдаланылады.
Текше метрлер саны = Масса (тонна) / ҚТҚ тығыздығы
ҚТҚ тығыздығының кестесі осы Әдістемеге 3-қосымшада берілген.
мұндағы:
Т – ТҚҚ бір бірлігіне (1 м3) жылдық тариф, теңге;
ҚҚ жинау және тасымал. – жылына ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген қажеттілік, теңге;
К жинау және тасымал. – жылына жиналған және әкеткен ҚТҚ көлемі, м3;
ҚҚ сұрып.– ҚТҚ сұрыптау бойынша қызметтер көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген қажеттілік, теңге;
К сұрып. – жылына сұрыптауға жіберілетін ҚТҚ көлемі, м3;
ҚҚ көму – жылына ҚТҚ көму бойынша қызметтерді көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген қажеттілік, теңге;
К көму – жылына көмілген ҚТҚ көлемі, м3.
мұндағы:
Та – бір тұрғынға шаққандағы ТҚҚ айлық тарифі, теңге;
Н – бір тұрғынға шаққандағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы, м3.
Бір тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.