«Парыз» конкурсына қатысайық!
Жыл сайын өткізілуі бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы биыл да өткізілмек.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі-үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалары (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурс лауреаттары осы атақ белгіленгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға:
Конкурсты өткізу мерзімдері:
жыл сайын 1 шілдеге дейін-жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
жыл сайын 1 қазанға дейін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың алдын ала жасаған қортындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада жолдайды;
желтоқсан-қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, онда:
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы;
өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Ауданның кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосыңыз.
Дайындаған: Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы: С.Жұбаева